ӘБІЛ ҚОНЫСБАЙ - (21.05.1954 ж.т., Жангелдин ауд.) – журналист, сықақшы, айтыскер-ақын, Қазақстанның халық ақыны (1999). 1977 ж. Қазақ мемл.ун-тінің журналистика ф-тін бітірген. Еңбек жолын Жангелдин ауд. «Жаңа өмір» газетінде бастап, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. 1980-85 ж.респ. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. 1985 ж. обл. «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары, 1990 ж «Арқалық таңы» газетінің редакторы, 1991-95 ж. Торғай обл. телерадио к-тінің төрағасы болып істеді. 1999 ж Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының төрағасы болып сайланды. 1998-2007 ж. аралығында Астана қ.тілдері дамыту басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Бұдан кейінгі жылдары Астана қ. әкімдігінде тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде респ.газет-журналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары К.Шәкеев, Ә.Қалыбекова, Ә.Беркенова, Қ.Бердіғалиев, Ерік Асқаров, Серік Құсанбаев, т.б. суырып салма саңлақтармен сөз сайысына түскен. 1990 ж Балқы Базардың 150 жылдық мерейтойы құрметіне Ташкент қ-нда өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының халықар.айтысында бас бәйгеге ие болды, ақындардың осы жылғы респ.ІІІ айтысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдық тойларында оза шауып жүлде алды. Ә.Торғай өңірінде айтыс өнерінің жандануына сүбелі үлес қосты. Арқалық қ-ның құрметті азаматы. «Парасат» орденімен марапатталған.
АХМЕТБЕКОВ ЕРМЕК ҚАСҚЫРБАЙҰЛЫ - 1953 жылы 20 қарашада Қостанай облысы таран ауданы Қайранкөл ауылында дүниеге келген. Қарапайым жанұяда тәрбиеленген. Әкесі Қасқырбай жақсы механизатор, шешесі Несібелді үй шаруасында. Руы жылқыайдар. 1960 жылы Қызбел совхозында бірінші сыныпқа барып, 1970 жылы Торғайда орыс орта мектебін жақсы бітіреді. Осы жылы Қарағанды жоғары милиция мектебіне түсіп, лейтенант шенімен 1975 жылы жоғарғы оқу орнын бітіреді. 1975 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Қарағанды қаласында органда түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Қазіргі таңда Қарағанды қаласында тұрады, ірі кәсіпкер. Біздің Торғай еліне кәсіпкер ретінде үлкен үлес, көмек көрсеткен.
ҚЫПШАҚБАЕВ НАРИМАН - (27.05.1934 ж.т., Жангелдин ауд. Қызбел а.) - гидротехник, қоғам қайраткері. Қазақ Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі (1980). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1958). Еңбек жолын Түрген өз-н бақылайтын су маманы ретінде бастап, 1958-60 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық суландыру жүйесі басқармасы су пайдалану бөлімінің бастығы, 1960-69 ж. Қазақ КСР Мелиорция және су шаруашылығы министрлігіндегі аға, бас инженер, бөлім бастығы, 1969-74 ж. Семей обл. кеңесі Мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы, 1974-81 ж. министрдің орынбасары, Қазақ КСР-ның Су пайдалануды реттеу және қарғау жөніндегі бас мемл. инспекторы, 1981-88 ж. Қазақ КСР Мелиорация және су ш. министрі, 1988-96 ж. министрдің 1-орынбасары, ҚР-ның су қорлары жөніндегі мемл. к-тінің төрағасы, Орт.Азия мемлекеттерінің су мәселелері жөніндегі ғыл. –ақпараттық орт. бөлімшесінің директоры сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған (1985-90), екі мәрте «Құрмет белгісі» (1973,1976), Еңбек Қызыл Ту (1981) ордендерімен марапатталды.
РАХЫМ РЫСКЕЛДІ – 1941 жылы 22 маусымда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Торғай селосында дүниеге келді. 1960 жылы Челябі ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмәмдады. «Азат»»газетінде 2003-2004 жылдары «Қазақтың Азат болып бағы жансын», «Жас жумасын, қазақтың жанарларын», «Шексіз билік», «Жарып шық тас түнекті Жармахандай», 2010 жылы «Ұлы Шақшақ Жәнібек - ұлт қорғаны», «Торғай толғауы: Шақшақ Жәнібек» дастанындары мен «Ғазез қажы Әмірханұлы» атты кітабының авторы. Еңбек ардагері.
БІРМАҒАМБЕТ ҚАРСАҚБАЙ – 24.01.1943 ж. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Көкалат селосының №4 ауылында дүниеге келген. Балалық шағы ел басына төнген ауыртпашылықпен ұштасып еңбекке ерте араласады. Әке-шешеден ерте айырылып, жасқа толмай туған апасы Бірмағамбет қызы Бибісараның тәрбиесінде өсіп жетіледі. Көкалат ауылындағы 7 жылдық мектепті бітіріп, одан кейін Аралбай ауылындағы Жангелдин орта мектебінде оқып 1961 ж. 10 жылдық мектепті тәмамдады. 1961 жылы Қостанай автомобиль техникумына оқуға түсіп 1963 ж. автомашинаны тиімді пайдалану мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы жылы автотранспорт мекемесіне жолдама арқылы келіп диспетчерлік қызметтен осы мекеменің бас инженері қызметіне дейін көретіліп жұмыс атқарды. Осы кезеңдерде Рудный индустриалды институтты тамамдады. Торғай автобазасында 1976 жылға дейін жұмыс атқарды. Аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық атқару комитетінің бірнеше дүркін депутаты болды. 1976 ж.ауданның партия комитетінің жолдауымен ауданның тұрмыс қажетін өтеу комбинатының директоры, 1979 ж. №311 жылжымалы механикаландырылған колонна бастығы, 1982 ж. аудандық атқару комиетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ауданның экономикасының, әлеуметтік жағдайын өсіп өркендеуіне жол көпірлер салғызуына, құрылыстың дамуына 1992 жылдар арасында абыройлы жұмыстар атқарды. 1992 ж. зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық жол мекемелерінде, одан кейін 1999 жылдан бастап «Айбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болды. 1970 ж. «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбек үздігі» медальмен, «ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен және Президент Н.Назарбаевтың 2001 жылғы Тәуелсіздік күніне байланысты Алғыс хат және облыстық алғыс хаттармен бірнеше мәрте марапатталған.
БЕКБОЛАТҰЛЫ КӘРІМЖАН - (1936 ж.т., Жангелдин ауданы Шилі а.) – зоотехник, ауыл шаруашылығының ұйымдастырушысы, өлкетанушы. 1960 ж. Алматы зоотехн.- мал дәрігерлік ин-тын бітірген. Еңбек жолын Жангелдин ауд-ның «Еңбек» кеңшарында бастаған. 1960-65 ж. аралығында ХХІ партия сыязы, «Қызбел» кеңшарларында бас зоотехник болып істеді. Жангелдин ауд. а.ш. басқармасының бас зоотехнигі (1965-68), «Қызыл әскер» кеңшарының директоры (1968-77), Қазақстан компартиясы Жангелдин ауд. к-ті а.ш. бөлімінің меңгерушісі (1977-84) қызметтерін атқарды. «Речной» кеңшарының директоры (1984-94), ауд. статистика басқармасының бастығы (1994-2002) болып істеді. 1997 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін ауд. статистика бөлімін басқарды. Кейін Астана қ-на көшіп келген соң Қаржы ин-тында еңбек ете жүріп, белгілі ақын, торғайлық дін ғұламасы Әлмұхамбет мұхтасиф Оспанұлының өмірі мен артында қалған мұрасын тыңғылықты зерттеуді қолға алып, 2007 ж. «Тарихи тұлға» атты кітабын баспадан шығарылды. Шақшақ Жәнібек Тархан, Әбіқай ақын Нұртазаұлы және Ахметхан Әбіқайұлы сияқты белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне арналған зерттеулері бар.
ҚАЛИЕВ БҰХАРБАЙ – 25 ақпан 1937 жылы Жангелдин ауданы Жаркөл ауылында (Албарбөгет совхозында) дүниеге келді. 1957 жылы Қаратүбек орта мектебін бітіргеннен кейін 1960 жылға дейін Москва әскери округасында әскер қатарында болды. 1965 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын (мехфак) бітірді. Қостанай қаласындағы қазіргі «Агрореммаш» заводында инженер-технолог болды. 1967-1980жылдары Амангелді «Сельхозтехника» Албарбөгет 1-май малбордақылау совхоздарында бас инженер болды. 1981-1986 жылдар Жангелдин аудандық «Сельхозэнерго» мекемесінде директор; 1987-1990 жылдары Жангелдин аудандық агроөндірістік мекемесінде механизация электрлендіру бөлімін басқарды. 1991-1995 жылдары Жангелдин аудандық «Сельхозтехника» мекемесінің басқарушысы болды. 1996-2003 жылдары Жангелдин аудандық «Торғай-ұн» ЖШС директоры болды. 1986-1990 жылдары сварочный электрод жасайтын цехты іске қосылды (өнімділігі айына 70-80 тонна) жасалынған өнімді облыс аудандарына шығарды. Бірнеше марапаттың иегері.
ӘБДІКҰЛЫ ТӨЛЕНДІ - (4.09.1942 ж.т., Жангелдин ауданы,. Еңбек а.) – жазушы, қоғам қайраткері. Еңбек жолын 1958 жылы орта мектепті бітірген соң пионер ұйымының жетекшісі болып бастаған. 1965 ж Қазақ мемл.ун-тінің филология ф-тін бітірген. «Райхан» атты алғашқы әңгімесі респ. «Қазақстан пионері» газетінде қызмет атқарып жүрген кезінде жарияланды. 1969 ж. «Жалын» альманахына аға редактор болып қызметке ауысып, бас редактордың орынбасарлығына дейін көтерілді. Бұдан кейін «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор (1977ж), 1979 жылдан Қазақстан компартиясы ОК мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болып істеді. 1989 ж респ. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының 2-хатшысы қызметтерін атқарды. 1994 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет, әдебиет және өнер мәселелері жөніндегі көмекшісі, 1996 жылдан ҚР Ұлттық кеңесінің саясат жөніндегі хатшысы, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары сияқты жауапты қызметтерде болды. 2003 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің әлеуметтік саясат бөлімінің бас инспекторы болып істейді. Қаламгерлік жолын ерте бастап, сөз өнерінде өзіндік өрнегін тапқан, туған әдебиетіміздің әр жанрында шеберлігімен танылған жазушы. Оны «Көкжиек» (1969ж), «Күзгі жапырақтар» (1971ж), «Ақиқат» (1974ж), «Айтылмаған ақиқат» (1979ж), «Истина» (1981ж) әңгіме-повестер жинақтары мен «Өліара» (1987ж), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987ж) романдары қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі үлес болды. Жазушы «Парасат майданы» атты романы үшін Қазақстан Республикасының мемл.сыйлығын алды. (2005ж). Бірқатар шығармалары орыс, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Өз кезегінде ежелгі грек аңыздарын «Эллада ерлері» деген атпен қазақ тіліне тәржімалады (1977ж). «Біз үшеу едік» деген пьесасы еліміздің театрларында 1984 жылдан қойыла бастады. Жазушы Кафка атын. Алтын медальмен, Л.Н.Толстой медалімен (2012ж) марапатталған, халықар. ПЕН клубы сыйлығының иегері (2003ж).
ӘБЖАМАЛҰЛЫ ТЫНЫШТЫҚ - 1942 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Аманкелді ауылдық округінің Тосын құмындағы Қарғалы /Жаркешу/ ауылында дүниеге келген. Алтынсарин Ыбырайдың өзі іргетасын қалаған Торғайдағы Қазақ орта мектебін 1961 ж. бітірген. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын оқып жүріп Қазақ мемлекеттік университетінің кешкі факультативтік сабағына қатынасып журналист-корреспондент мамандығын алған. Институтта оқып жүргенде Совет Армиясы қатарына шақырылып Москва әскери округінде – Москва қаласы жанында 1965 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет етті. Содан кейін аталған институтты 1971 жылы бітіріп Жангелдин ауданының Қызбел кеңшарында зоотехник селекционер болып қызметін бастады. 1972-73 жж. Аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, одан кейін Аудандық «Жаңа өмір» газеті редакциясының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметінде 1980 жылдың маусым айына дейін істеді. 1980-1990 жж. аралығында аудан орталығынан шалғайда жатқан «Южный» кеңшарында бас зоотехник, 1985 ж. бастап осы ауылдың Кеңес төрағасы қызметінде болды. 1990 ж. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы қызметін зейнеткерлікке шыққанға дейін атқарды. Ұйымдастыруымен ең алғаш жазда ашық алаңда Ірі қара мал бордақылау 1971 жылы «Қызбел» кеңшарының Андағұл, Мешіт, Жырық жайлауында басталды. Қарасу селолық Кеңесінің төрағасы қызметінде болған кезінде Қарасор мен атақты Ақкөл көлдеріне 1985 жылы арнайы жабдықталған автомашиналармен Қабырға өзенінен Сазан балықтарын жіберу қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде бір жарым жылдан кейін Сазан балықтарының көбейгені сонша, тіпті Аралдан құрамында 47 адамы бар балықшылар бригадасы келіп күніне 1500 ге жуық ау құрып балық аулады. Нарықтық экономиқаға көшудің қиын кезеңінде /1990-1995 жж/ Ақкөл, Қарасор көлінің Сазан балығы Ахмет Байтұрсынов, Ақкөл кеңшарларындағы халықтың іргесі сөгіліп басқа жерлерге үдере көшіп қоныс аудармай отыруына мүмкіндік туғызды. Қарасу селолық кеңесінің басшылығымен 1989 жылы 18 қаңтар күні тұрғындар жиыны өткізіліп осындағы орта мектепке Ахмет Байтұрсынов атын беру, Ахмет Байтұрсыновқа музей ашу, орталық көшеге Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішін орнату жөнінде шешім қабылдап, арнайы комиссия жұмысын бастады. Кеңшар орталығы, ферма орталықтарында ағаш отырғызу, елді мекендерді көркейту жұмыстары кең қанат жайды. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі қызметін атқарған жылдары мал шаруашылығының ең бір шарықтап дамыған кезеңі болды. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Құрмет грамотасы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасы, Алматы облысы Ақсу аудандық Советі атқару комитетінің Құрмет грамотасы, Жангелдин ауданы әкімдерінің бірнеше Құрмет грамоталары және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығы, Еңбек ардагері медалімен марапатталған «ҚАЗ ҚАЛПЫНДА» атты кітабын жазып шығарды
ТҰРҒЫНБЕКОВ СЕРІК – 1.03.1946 Жангелдин ауд. Тосын құмы, Төлеген қыстауында туған. Ақын, журналист, аудармашы, драматург, Қазақстан мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2011). Еңбек жолын 1964 ж Жангелдин ауд. «Жаңа өмір» газетінде бастаған. Мектеп қабырғасында жүргенде–ақ қысқа сықақ, мысал өлеңдер жазып, алғашқы шығармаларын ауд., обл., өлкелік газеттерде жарияланған. Жас ақын-жазушылардың өлкелік слетіне келген Серікті әдебиетші-ғалым З.Қабдолов Алматыға шақырып, 1966 жылы ҚазМУ-нің журналистика ф-тіне сырттай оқуға түсуіне көмегін көрсеткен. Болашақ ақын келесі жылы Алматыға біржолата келіп, Қазақ радиосына қызметке орналасты. 1971 жылы республика құрамында жаңадан Торғай обл. ұйымдастырылысымен «Лениншіл жас» газетінің солт. Аймақтағы меншікті тілшісі болып, Арқалық қ-на аттанды. 1978 жылы ел астанасына қайта оралып, Республикалық халық шығармашылығы үйінің фольклор секторына басшылық етті. Осы қызметте жүріп 1981 жылы еліміздің 11 обл-нда ақындар айтысын ұйымдастырып, халқымыздың ежелгі өнерінің қайта түлеп, қанат жаюына барынша үлес қосты. Көп ұзамай Қазақ теледидарына орналасып, халық шығармашлылығын насихаттауға белсене араласты, ақындарды теледидар сахнасына шығарды. «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдары редакцияларында, Ғ.Мүсірепов атын. Балалар мен жастар театрында, Қазақ КСР Баспа к-нда жауапты қызметтер атқарды. 1985 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Астана қаласындағы С.Сейфуллин мұражайының директоры болып істеді. Ақынның алғашқы өлең жинақтары «Қобыз» (1975) бен «Көкейкестіге» (1978) жалғаса «Торғай толғаулары» (1980), «Жүрегімнің сәулесі» (1981), «Кеш келген көктем» (1982), «Сүйген жүрек» (1984), «Асан ата ізімен» (1985) жыр кітаптары баспадан шықты. Осы тұста кезінде күнделікті баспасөзде жарияланған очерк-эсселерін елеп-екшеп, «Тыңда түлегендер» (1986) деп атаған деректі дүниелерін жеке кітап етіп шығарды. Қаламгер аударма жұмысымен де жүйелі айналысып, А.Твардовскийдің «Перзент» деген лирик. Өлеңдер жинағы (1983) мен П.Богдановтың «Москва үшін шайқас» (1984) дастанын қазақ оқырмандарына ұсынды. Ақынның 1998 ж жарық көрген «Жерорта» жыр жинағы оның шығармашылық жолының алтын арқауына айналды. Т.әсіресе, соңғы жылдары кең көлемді дастандарға еркін құлаш ұра бастады. Сол соны туындыларының бірі – «Кейкі батыр» дастаны үшін халықаралық «Алаш» сыйлығын алды. Бұдан кейін ақын қаламынан туған «махамбет пен Жәңгір хан» дастаны ЮНЕСКО көлемінде өткен қаһарман батырдың 200 жылдық мерейтойында «Махамбет» сыйлығымен дәріптелді. Кейінгі кезде драма жанрына бой ұрып, «Нұрхан» пьесасын Торғай театрының, «Мұқағали» пьесасын Астанадағы Қ.Қуанышбаев атын. муз-драма театрының сахнасына шығарды. Ақын қазақ компазиторларының халық арасына ке тараған көптеген әндерінінң мәтінін жазған. Халықаралық Түрік поэзиясының лауреаты болды.
АБДУЛЛИН ӘМІРХАН НҰРЖАНҰЛЫ – (1937-2018ж)1937 жылы 15 қазанда Торғайда туған. Журналист, ҚазГУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1955-1958 ж.ж Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген. 1958-1961 ж.ж. Жангелдин аудандық «Қызыл Ту» артелінде столяр, фотограф. 1961 жылдан Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» - «Новая жизнь» газеттерінде фотокор, әдеби тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары. 1979-1982 ж.ж. Жангелдин селолық Советі атқару комитеті төрағасы. 1982-1999 ж.ж. Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» - «Новая жизнь» газеттерінің редакторы. 1999-2007 жылдары Жангелдин аудандық Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі. 2007-2009 жылдары Жангелдин аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. «Жангелдин ауданының құрметті азаматы», «Қазақстанның құрметті журналисі».
МОЛДАБЕК НҮРЕТДЕН СЫПАБЕКҰЛЫ – 20.06.1937 ж. Аралбай ауылында туды. 1945 жылы «Қызыл ту» бастауыш мектебінде оқып, 1955 жылы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін бітірді. Он жылдықты бітіргеннен кейін Жангелдин ауылдық кеңесінде оқу үйінің меңгерушісі, Жангелдин орта мектебінде және Жангелдин колхозында есепші болып істеді. 1958 жылдың тамыз айынан Қостанай ауылшаруашылық техникумының бухгалтерлік бөліміне оқуға түсіп, 1960 жылдың наурыз айында «Үздік» дипломмен бітірді. 1960 жылдың мамыр айында Жангелдин колхозының негізінде құрылған «Қызыл Әскер» кеңшарында, әуелі бөлімше бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары, ал 1963 -1967 жж.бас бухгалтер, 1967- 1970 жылдың мамыр айына дейін «Южный» кеңшарында бас бухгалтер, ал 1970 - 1972 жылдың шілде айына дейін, «Албарбөгет» кеңшарында бас бухгалтер , 1972 жылдың шілде айынан 1974 жылдың қаңтар айына дейін «Албарбөгет» кеңшарынды партком хатшысы, 1974 жылдың қаңтар айынан 1979 жылдың қазан айына дейін «Торғай» кеңшарының директоры, 1979 жылдың қазан айынан 1983 жылдың ақпан айына дейін Саға селолық кеңесінде төраға, 1983 жылдың ақпан айынан 1987 жылдың тамыз айына дейін аудандық тұтынушылар одағының басқарма төрағасы, 1987 жылдың тамыз айынан 1990 жылдың қаңтар айына дейін аудандық статистика бөлімінің бастығы, 1990 жылдың қаңтар айынан 1998 жылдың қаңтар айына дейін аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, ал 1998 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметкер дәрежесінде зейнеткерлікке шықты. Аудандық, ауылдық кеңестерде бірнеше рет депутат болып сайланды. Аудпарткомның атқару комитетінің мүшесі, аудан әкімінің алқа мүшесі, аудпарткомның тексеру комиссиясының төрағасы болды. Кезінде облыстық партия, атқару комитетімен облыстық кәсіподақ комитетінің мақтау грамоталарымен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалімен, тың игерудің XX (III- 1974 ж) және XXY (III- 1979ж) жылдық бүкілодақтық форумына қатысып медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, Кеңес Одағы «Азаматтық қорғаныс ісінің үздігі» төс белгісімен, Қазақстан халықшаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалін иеленді. 1978 жылы Республикалық ауылшаруашылық қызметкерлерінің актив салтанатына және 1984 жылы Қазақстан тұтынушылар Одағының XIII съезіне делегат болып қатысты .1976 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын сырттай оқып бітірді. Мамандығы – ғалым зоотехник, 1986 жылы Қостанай кооперативтік техникумын бухгалтерлік мамандығы бойынша сырттай бітірді.
ОСПАНОВ СЕРІКБАЙ - ақын,филология ғылымдарының кандидаты, доцент 01.04.1945 ж. Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының, Шилі кеншарында, Балдай қоңыс орнында туған. 1963 жылы Қамысты ауданыңдағы Бестау орта мектебін бітіргеннен кейін өзі туып өскен Шилі кеңшарындағы сегіз жылдық мектепте аға пионервожатый болып еңбек жолын бастады. 1968 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, республикалық радио редактор (1968-1978), «Жалын» баспасының поэзия редакциясының меңгерушісі (1978-1996) қызыметтерін атқарды. 1997 жылдан бері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент. Өлен жазуды мектеп қабырғасында жүргенде бастаған ақынның алғашқы өлендер топтамасы республикалық« Жазушы» баспасынан 1967 жылы шыққан «Жер жүрегі» 1969 жылы шыққан «Жас керуен» жинақтарына енсе, тұңғыш поэзиялық жинағы осы баспадан 1971 жылы жарық көрді. 1975 жылы «Жарқын жастық» («Жазушы»), 1977 жылы «Қайнар бұлақ» («Жалын»), 1979 жылы «Қоңырау гүл» («Жалын») 1981 жылы «Айгүл» («Жалын»), 1982 жылы «Алтын арқау»(«Жазушы»), 1984 жылы «Батыр туралы баллада» («Жалын»), 1985 жылы «Тіршілік тамыры» («Жазушы»), 1987 жылы «Назқоңыр» («Жалын»), 1990 жылы «Балдай таудың баурайында» («Жалын»), 1992 жылы «Шашу» («Жалын»), 1992 жылы «Бесік» («Өнер»),1995 жылы «Қадір түні» («Жалын»), 2001 жылы «Сага» баспасынан «Публицистика» сол жылы «Ғылым» баспасынан «С.Мәуленов журналист, публицист», 2004 жылы « Ахмет өскен ақындық орта» атты оқу құралдары, «Жазушы» баспасынан «Қараторғай» деген өлендер жинағы жарыққа шықты. 1982 жылдан Қазықстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1986 жылы СССР Жоғары Советі президиумының жарғысымен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1995 жылы Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың, 2003 жылы Ж.Әбдірашев атындағы Қазақстан аграрлық партиясының, сол жылы Қостанай меценаттар клубының, сол жылы А.Байтұрсынов атындағы сыйлықтың, сол жылы Қазақстан композиторлар одағымен республикалық Қазақ радиосы ұйымдастырған «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысында Ескендір Хасанхалиевтің әніне жазылған «Ауылды аңсау» мәтіні бас жүлде алды. Алғашқы топтама өлендері «Жер журегі» (1967), «Жас керуен» (1969) ұжымдық жинақтарына енген. Содан бергі жылдары бірнеше жыр жинақтары, аударма өлеңдер, балаларға арналған кітаптары баспадан шықты. Зеріттеуші–ғылым ретінде «С.Мәуленов-журналист, публицист» (2001), «Публицистика» (2001), «Ахмет өскен ақындық орта» (2004), «Алтынсариннің айналасындағы адамдар» (2006) монографиалық еңбектерін оқырманға ұсынды. 200-ден астам ән мәтінін жазды. «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысының бас жүлдегері болды Жамбыл атын.халықар, А.Байтырсынов атын.сыйлықтардың лауреаты атанды. 2001 ж. Қостанай әкімінің сыйлығына ие болды. Бірнеше медалдармен марапатталған. 2001 жылы Серікбай облыс әкімі жарияланған әдебиет конкурсының «Балаларға арналған әдебиет» номинациясында бірінші орынды жеңіп алып, лауреат атағымен әкім сыйлығына ие болды. 2003 жылы Қазақ радиосының «Ән шырқайық...» бағдарламасында айдың үздік ән мәтінің авторы деп танылып, дипломымен марапатталды. 2001 жылдың 4 сәуірінде А.Байтұрсынов атыңдағы Қостанай мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің шешімімен Серікбай Оспановқа журналистика кафедрасы бойынша университет доценті академиялық атағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жоғары атестациялық комитетінің 2003 жылғы 24 маусымдағы шешімімен (9 хаттама) әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
ӘЛІМ ҚАЙСАР - (9.01.1947 ж.т., Жангелдин ауд. Саға а.) – жазушы-журналист, Торғай кентінің құрметті азаматы (2004), Астана қ-ның еңбек сіңірген қайраткері. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі ин-тының Алматы бөлімшесін (1971), Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін (1948) бітірген. 1969 ж. Қостанай обл. «Коммунизм таңы» газетіне жұмысқа шақырылды. 1990-97 ж.респ. «Егемен Қазақстан» газетінің Торғай облындағы меншікті тілшісі болып істеді. Облыс жабылған соң Ақмола обл. «Арқа ажары» газетінде тілші, 1998- 2000 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде бас маман болып істеді. 2000 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет атқарады. 16 кітабын баспадан шығарды. 2007 ж. 8 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Алаш ардақтысы М.Дулатовтың мәйітін Карелиядан әкеліп, 57 жылдан соң туған жері Торғайға қайта жерлеу экспедициясының (1992) басы-қасында болған Қайсардың қаламынан «Мұңды сапар» атты тағылымы мол хикаят туды. 1998 ж. Қазақстан Журналистер одағы М.Дулатов атын.сыйлығының иегері атанды.
СЕЙІТҚАСЫМОВ ҒАБДЫҒАПАР САҒИТҰЛЫ - (14.09.1940 ж.т., жангелдин ауд Қызылқоға а.) – ұстаз- ғалым, экономика ғыл. докторы (1989), проф. (1990), ҚР ҰҒА-ның академигі (2003). 1963 ж. Қазақ мемл. ун-тінің экономика ф-тін бітіріп, бухгалтерлік-есеп мамандығы алған. Еңбек жолын туған өлкеде бастап, «Шилі», «Речной» кеңшарларында бас экономист қызметтерін атқарды. 1969-70 ж. Қазақ а.ш. экон. ғыл.- зерт. ин-тының Целинный бөлімшесінде аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеп, зерттеу жұмыстарымен айналысты. 1970 ж. осы оқу орнының Алматы қ-ндағы аспирантурасына түсіп, оны бітірген соң 1974 ж. «Астық өнімін дайындауды ұйымдастыру және оны жоспарлауды жетілдіру» деген тақыпта канд. диссертация қорғады. Е.А.Букетов атын. Қарағанды мемл. ун-тінде қызмет атқарған 1973-93 ж. С. ғалым-экономист және ғылымның дарынды ұйымдастырушы ретінде қалыптасты. Ұстаз-ғалым мұнда аға оқытушылықтан ун-ттің оқу ісі жөніндегі проректоры дәрежесіне дейін көтерілді. 1993 ж. қызметін Алматыға ауыстырып, 1999 жылға дейін Қазақ мемл. басқару академиясының қаржы және несие кешенінің оқу-ғылым жөніндегі проректоры әрі директоры болып істеді. 1999-2001 ж. Астана қ-ндағы Т.Рысқұлов атын. ҚазЭУ бөлімшесінің директоры, 2001-07 ж. осы ун-ттің Экономика және қаржы ин-тының директоры болды. 2007 жылдан Астана қ-ндағы Қазақ экономика, қаржы және халықар. Сауда ун-тінің ректоры қызметін атқарып келеді. Ғалым 1989 ж. Латвияда докт. диссертация қорғады. С-тың ғыл. жұмыстары а.ш. экономикасы мен қаржы және банк ісі саласына арналған. Ол астық дайындаудың экон. тиімділігін анықтаудың жаңа жүйесін жасау, астық өсіру, оны жинау, тасымалдау және сақтау жолдарының экон. тиімділігін кешенді зерттеудің ғыл. әдістемесін жасап берді. 1990 ж. ҚР а.ш. ҒА-ның корр.- мүшесі, 1998 ж. толық мүшесі болып сайланды. 2002 ж. Қазақстан ҒА-ның корр.- мүшесі, 2004 ж. толық мүшесі болды. 2008 жылдан Рим қ-ндағы Халықар. экон. және әлеуметтік ҒА-ның академигі. С-ның тікелей жетекшілігімен баспадан шыққан «Ақша, несие, банктер» (1996, 1998, 2001, 2006), «Банк ісі» (1999, 2007, 2009), «Бухгалтерлік есеп, банктердегі есеп» (1999) күрделі еңбектері жоғары және арнаулы оқу орындарында негізгі оқулық ретінде пайдаланылады. Ғалымның жалпы көлемі 350 баспа табақ көлемінде 200-ден астам ғыл. еңбегі жарық көрген, олардың 34-і жеке кітап пен кітапшалар. С-тың жетекшілігімен 3 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаты диссертация қорғады. Ғалым Еуропа жаратылыстану ҒА-ның «Алтын бүркіт» орденімен (2007), А.Байтұрсынов (2003), Ы.Алтынсарин медальдарымен, «Қазақстан ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін» төс белгісімен (2009) марапатталған.
ӘЛІБЕКОВ ҚАБЖӘЛЕЛ (ҒАБДЫЖӘЛЕЛ) - (3.01.1936 ж.т. Жангелдин ауд. Жартоғай а.) – бухгелтер-экономист, шаруашылық қызметкері. Алматы есеп-кредит техникумының бухгалтерлік бөлімін (1958ж), Алматы х.ш. институтын бітірген. Жеті жылдық мектепті тамамдаған соң екі жылға тарта туған ауылында әртүрлі қара жұмыстар атқарды. Маман ретіндегі қызметін 1958 ж. Албарбөгет МТС-нда өндірістік бухгалтер болып бастап, 1977 жылға дейін Жангелдин және Амангелді ауд-ның шаруашылықтарында бас бухгалтер, экономист, нарық ұйымының хатшысы, а.кеңес төрағасы қызметтерін атқарды. 1977 ж. «Қызыләскер» кеңшарының директоры болып тағайындалды. 1989 жылдан Жангелдин ауд. «Сельхозтехника» бірлестігі директорының экономика жөніндегі бірінші орынбасары, директоры, 1992 жылдан Торғай мұнай базасының директоры болды. Бірнеше мәрте а., ауд.кеңестердің депутаты болып сайланған.
КАРБОЗОВ КӘКІМЖАН– 3.04.1938 ж. Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылында туған – зоотехник, еңбек ардагері. Қостанай зоотехн.-малдәрігерлік техникумын бітірген (1956). Еңбек жолын кіші мал дәрігері болып бастап, 1970-92 ж. «Еңбек» кеңшарының Көлқамыс бөлімшесін басқарды. 1976 ж. мал ш-н шоғырландыру және топтастыруға, 1982 ж. мал дәрігерлік жаңа әдіске көшуге байланысты басталған мемл. науқандарға ауданда алғашқылардың бірі болып үн қатып, жаңалық жаршысы болды. Елімізде жаңа экон. және әкімш.қатынастардың басталуына орай 1992 ж. аудан бойынша жеке шаруа шаруашылығын бірінші болып қолға алды. 2005 ж. Көлқамыс ма-нда өз қаржысына Мәдениет сарайын салдырды. «Құрмет белгісі» орденімен (1981) марапатталды. 2002 ж. аудан бойынша Жыл адамы атанды. Бірнеше рет Қазақстан компартиясы Жангелдин ауд. к-тінің мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болып сайланды.
ӘУБӘКІРОВ КЕҢЕС АМАНҰЛЫ - 1934 жылы туған. 1959 жылы Алматы Ауыл шаруашылығы институтын бітірген. К.А.Әубәкіров біздің ауданымызда басшылық қызмет атқарған жылдары аудан экономикасы мен мәдениетін жақсартуда көптеген істер атқарды. Әсіресе, соңғы жылдары ауданымызда құрылыс ісінің кең қанат жаюына Кеңес Аманұлы айрықша көңіл бөлді. Бұл орайда совхоз орталығынан салынған 320 балалық мектеп үйі, аудан орталығындағы Советтер үйі, Баспахана, Торғай совхозындағы 480 оқушылық екі қатарлы мектеп үйі, және кейінгі жылдары совхоздарда бой көтерген мәдени құрылыстардың салынуына Әубәкіровтың өзіндік қолтаңбасы бар екенін айта аламыз. 1934 жылы туған бала оқуға барар жасқа жеткен кезде Ұлы Отан соғысы басталады. Арнайы оқу орнын бітірмесе де сауаты бар Кеңестің әкесі Аман ел ісіне араласып, белсенділік танытқан адам. 1973-1980 жылдары Жангелдин ауданының бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 1980-1988 жылдары облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты да болып, Жамбыл облысында облыс әкімінің орынбасары қызметінде жаңа жүйені де басқаруға қатысып үлгерді. Қай жерде де ол қызметпен қатар елдің әлеуметтік мәселелеріне, мәдениетіне, табиғатына ерекше назар аударатын.
ХАМЗИН ЖАНТӨРЕ БАТЫРХАНҰЛЫ – 1959 жылы Жангелдин ауданы Торғай селосында туған. Ғалым, өнер қайраткері, тау-кен инженері, заңгер, техника ғылымының докторы (2006ж). Қазақ политехникалық институтын (1982ж), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 1982-89 ж. Кеңес армиясының офицері болды. 1988 ж. КСРО Білім мемл. к-ті сыйлығын алып, 2006 ж. М.Ломоносов атын. медалімен марапатталды.
САҒАДИЕВ КЕНЖАҒАЛИ ӘБЕНҰЛЫ - (18.02.1938 ж.т., Жангелдин ауд. ақкөл а.)- ғалым- экономист, экономика ғыл.докторы (1977), проф. (1978), ҚР ҰҒА-ның акад. (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996), көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. 196 ж. Қазақ мемл. ун-тін бітірген. Еңбек жолын осы ун-тте ассистенттіктен бастап, аға оқытушы болды. 1963-66 ж. Г.В.Плеханов атын. Мәскеу х.ш. ин- тының аспирантурасында оқыған. 1966 жылдан Алматы х.ш. ин-тында аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды. 1982-90 ж. аралығында Целиноград а.ш., 1990-94 ж. Қазақ мемл. экономика (1993 жылдан Қазақ мемл. басқару академиясы) ин-ттарының ректоры болды. 1194-96 ж. ҚР ҰҒА-ның президенті, 1996-2004 ж. Қазақ мемл. агр., Халықар.бизнес ун-ттерінің ректоры болып істеді. 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Целиноград а.ш. ин-тының жанынан С-тың ұсынысымен және тікелей басшылығымен ұйымдастырылып, жемісті жұмыс істей бастаған биотехн. орт-тың жас ғалымдары өздері шығарған бидайық жұмсақ сортын «Кенжеғали» деп атады. Облыс шаруашылықтары мен кәсіпорындарында ин-ттың 16 бөлімшесі ашылды. 1988 жылдан болашақ мамандарды қазақ тілінде оқыту жүйесі қолға алынды. С-тың ғыл.еңбектерінің негізгі бағыты материалдық-техн. жабдықтаудың экон. тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экон. реформа теориясы мен әдіснамасы. 240- тан астам ғыл. еңбегі жарық көрген. Оның ішінде 32 монографиясы мен жеке кітаптары бар. Ғалым егеменді Қазақстанда нарықтық қатынастарға бағытталған жаңа модельдердің негіздерін қалыптастыру, өндіріс құралдары мен көтерме сауда салаларын дамыту, ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық жүйесіне ену заңдылықтарын ашатын іргелі еңбектер жазды. Академиктің жетекшілігімен 6 ғалым докт., 32 жас зерттеуші канд. диссертация қорғаған. Ғылым саласында қол жеткізген жетістіктері үшін 1992 ж. Кембридж ун-ті Ұлыбритания халықар. Өмірбаяндық орталығының «Жыл адамы» атағын алаған. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі», «Парасат» , «Барыс» (2008) ордендерімен марапатталған.
БАЙЗАҚОВ САЙЛАУ - (12.12.1937 ж.т., Жангелдин ауд. Қызбел а.) – ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы (1974ж), проф. (1981ж), Халықаралық ақпараттау академиясының академигі (1992ж), Халықаралық менеджмент академиясының академигі (1996ж). Халық ш. ун-тінің механика- математика ф-тін (1961ж), Алматы халық ш. ин-тының жоспарлау-экономика ф-тін (1965ж) бітірген. Еңбек жолын Қазақ ун-тінің есептеуіш математика кафедрасында ассистент болып бастап, есептеуіш орт-ның аға инженер-экономисі, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1964-1988 ж аралығында Қазақ КСР Жоспарлау к-ті жанындағы экон.зерттеулер ин-тының бөлім меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары болып істеді. 1968 ж. аймақтар экономикасы жөнінде кандидаттық, 1974 ж. Мәскеуде «Совершенствование размещения производства и переработки сельскохозяйсвенных продуктов на основе методов многоступенчатой оптимизации» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1981 жылдан Қазақстан экономистер одағының төрағасы, Халықаралық экономистер одағының төрағасы (1981-1993ж) болып сайланды. 1991-1997 ж. Қазақстан ұлттық экономикасының үкіметтік бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге атсалысты. 1986-1993 ж. Басқару ғыл.- зерт. ин-тының директоры болды. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының бас сарапшысы (1994-1995ж), ҚР үкіметінің жанындағы мемл.қызметкерлер біліктілігін жетілдіру ин-тының директоры (1996-1999ж), жергілікті кеңесшілер жетекшісі (1999-2002ж) қызметтерін атқарды. 2001-2004 ж. Климатты өзгерту жөніндегі үйлестіру от-ның макроэкон.тобын басқарды. Ғыл. еңбектері негізінен экономиканы үйлестіруді жүйелі модельдеу мәселелеріне, қоғамдық өндірістің тиімділігі теориясын зерттеуге бағытталған. Б-ның жетекшілігімен 50 зерттеуші кандидаттық, 10 адам докторлық диссертация қорғады. Бірнеше мәрте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды. Ғалым «Құрмет» орденімен (2007ж) марапатталған.
АЛМАТОВ ОРЕКЕН - (09.1937 ж.т., Жангелдин ауд. Аралбай а.) - ұстаз, шаруашылық және қоғам қызметкері. Мендіғара пед.училищесін (1957ж), Алматы жоғары партия мектебін (1970ж) бітірген. Еңбек жолын аудан мектептерінде ұстаздықтан бастап, 1960-1965 ж. Жангелдин ауд. комсомол комитетінің 1-хатшысы болып істеді. Бұдан кейінгі жылдары «Албарбөгет», «Юбилейный» кеңшарлары партия ұйымдарын басқарды. Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, еңбекшілер депутаттары Жангелдин ауд. атқару комитетінің жауапты хатшысы, ауд. халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Тарихи танымдық «Торғай бекінісіне 160 жыл» деген кітабы баспадан шыққан (2005, Қостанай). Ауданда ұзақ жылдар бойы Қазақстан компартиясы Жангелдин ауд.комитеті бюросының мүшесі, ауд.кеңес пен мәслихаттың депутаты болып сайланған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.