Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Семинарлар

Бүгін 19 шілде, Лисаковск қаласында “Өңірдің мәдени әлеуеті келешектегі даму ресурсы” тақырыбында халықаралық семинар өтті. Семинар екі кезеңге бөлінді. Ресей, Қырғызстан елдерінен спикерлер келіп, мәдени туризмді дамытудағы облысымыздың мәдени, тарихи, табиғи ерекшеліктеріне тоқталды. Іс-шараға облысымыздың өлкетанушылары, музей қызметкерлері, Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы, әдіскерлер Аубакирова Альбина, Амантай Мәдина қатысты. Семинарға қатысушыларға сертификат берілді.


1 мамыр Қазақстан халық бірлігі күніне орай "Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін" атты музей сабағы өткізілді. Музей сабағына Н.Г.Иванов атындағы ЖББМ нің оқушылары қатысты. Сабақ барысында Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесінің шығу тарихы, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері мен Торғай жеріндегі өзге ұлт өкілдері туралы мағлұмат берілді. Қазіргі таңда Жангелдин ауданы бойынша татар, армян, орыс ұлтының азаматтары тұрады. Соның ішінде Торғай ауылы бойынша Ғұбайдуллиндер, Сафафрғалиевтер, Бекшентаевтар, Ғизатуллиндер - татар ұлты, Татевосян,Ахмедовтар - армян ұлты және орыс ұлтының өкілі Наталья Васильевна Кунтуарованың ұрпақтары тұрады. Сабақ соңында қызықты ойындар өткізіліп, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

#бірліккүні


6 мамыр күні, Отан қорғаушылар күніне орай Тархан Шақшақ Жәнібек батырдың тарихи музейінде Торғай мұражайлар кешенінің әдіскері Амантай Мәдина Әділқызы Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 9-сынып оқушыларына "Ел ертеңі - бүгінгі жасұландар" тақырыбында музей сағатын өткізді. Музей сағатының мақсаты өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету. Музей сағатында Шақшақ Жәнібек батырдың балалық шағынан бастап, ел мен жер үшін жасаған жанқиярлық ерлігін, Жәнібек батырдың жауды тек қана желекті найзамен ғана емес, алғыр оймен, кемел ақылмен, өткір тілмен де жеңгенін жас ұрпаққа түсіндірді.


1 мамыр Қазақстан халық бірлігі күніне орай "Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін" атты музей сабағы өткізілді. Музей сабағына Н.Г.Иванов атындағы ЖББМ нің оқушылары қатысты. Сабақ барысында Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесінің шығу тарихы, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері мен Торғай жеріндегі өзге ұлт өкілдері туралы мағлұмат берілді. Қазіргі таңда Жангелдин ауданы бойынша татар, армян, орыс ұлтының азаматтары тұрады. Соның ішінде Торғай ауылы бойынша Ғұбайдуллиндер, Сафафрғалиевтер, Бекшентаевтар, Ғизатуллиндер - татар ұлты, Татевосян,Ахмедовтар - армян ұлты және орыс ұлтының өкілі Наталья Васильевна Кунтуарованың ұрпақтары тұрады. Сабақ соңында қызықты ойындар өткізіліп, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

#бірліккүні


2024 жылдың 11 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде "Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы" ММ-нің алқа жиыны барысында "Қостанай облысы музейлерінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы" тақырыбында мемлекеттік музейлердің басшыларының секциясы өтті. Секцияға "Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасы" ММ-нің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ә.О Мусина және Қостанай облыстық мемлекеттік музейлердің басшылары қатысты. Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы "Музей қорындағы үлттық қолданбалы өнердің материалдық емес мәдени құндылықтары" тақырыбында баяндама жасады.


8 қаңтар күні, Ұлы ағартушы ашқан мектепке 160 жыл толуына орай музей қызметкері Альбина Дулатқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББМ-ның 8-сынып оқушыларына "Ыбырай мектебінің тарихы" тақырыбында музей сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты Қазақтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыра отырып,Торғайдағы тұңғыш мектептің тарихын таныстырды.


4 қазан күні «Торғайдан шыққан тұлғалар» жобасы аясында батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Торғай мұражайлар кешені қызметкері Альбина Дулатқызы Шоқан Уәлиханов мектебінің 9-сынып оқушыларына музей сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты оқушыларға Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің басталуы, көтерілістің мақсаты туралы мәлімет беру. XVIII-XIX ғ. екінші жартысындағы Ұлт азаттық күресте ел үшін жанын пида еткен қайраткерлердің ерлік істерін паш ету. Батыр Амангелді Иманов пен Торғай сарбаздарының өмірімен танысу болды.


#гидқазақстанға
#гидпоказахстану

 


4 қазан күні, ұстаздар күніне орай Шоқан Уәлиханов мектебінің 2-сынып оқушылары аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейіне келіп, ағартушының өмірі мен шығармаларымен танысты.


28 қыркүйек күні “Торғайдан шыққан тұлғалар” жобасы аясында Тархан Шақшақ Жәнібек батырдың 330 жылдығы, халық ақыны Торғайдың топжарғаны атанған Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығы, ақын, жазушы Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығына орай музей сабағы өтті. 

Музей сабағына Ы.Алтынсарин мектебінің 8-сынып оқушылары қатысты. Сабақ екі бөлімнен тұрды: Шақшақ Жәнібек батырдың өмірі мен жасаған ерліктері, халық ақыны Нұрхан Ахметбеков пен Ғафу Қайырбековтың өмірі мен шығармалары жас буынға баяндалды. Соңғы бөлімде оқушылармен өзара сұрақ-жауап арқылы сабағымызды қорытындыладық.


23 қаңтар күні, Ы.Алтынсарин мемориалды-педагогикалық мұражайында Тұлғалар жобасы аясында Торғай ауданының 95 жылдығы, Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы мен халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың 110 жылдығына ұйымдастырылған "Атамекен.Атажұрт.Тарих" атты аудандық жас ұстаздар арасында интеллектуалды ойыны өтті. Интеллектуалды ойынында жүлделі I орынға- Н.Г Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі, II орын- Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі, III орын- Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жас ұстаздары қанжығаларына байлады. Жоба аясында ұйымдастырылған ойынның екінші кезеңі жалғасын табады.


3 - 4 қарашы күндері Қарағанды облыстық тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен музейдің 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс - шаралар өткізілді. Торғай мұражайлар кешенінің атынан басшы Гулбану Құлетқызымен әдістемеші Мәдина Әділқызы қатысты. Іс - шара барысы «Өткен мен болашақ арасында» тақырыбында Қазақстанның 17 музейлер қорынан құнды экспаноттар көрмесімен басталды. «Музей педагогикасы: дәстүрлер мен инновациялар» халықаралық семинар - тренингімен жалғасын тапты.

Семинар - тренингте:

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сейітова К.К «Музей қызметіндегі құқықтық нормалар мен заңнамалар» тақырыбында баяндама жасады.

ҚР орталық мемлекеттік музейінің директоры Харипова Р.Е «Мәдени - білім беру қызметінің жаңа формалары» тақырыбында тың деректермен бөлісті..
Доцент, п.ғ.к., РФ жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық музеология комитетінің (ИКОФОМ) және ЮНЕСКО Халықаралық музейлер Кеңесінің (ИКОМ) мүшесі Шляхтина Л.М «Қазіргі әлемдегі музейлердің миссиясы» тақырыбында баяндама оқыды.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет және туризм қызметкері, Жоғары санатты экскурсовод - әдіскер, ЖМП ұлттық жаттықтырушысы, туризм бойынша сарапшы, ЮНЕСКО ұлттық комиссиясының мүшесі Оразымбетова Б.К «Экскурсовод - музейдің мәдени - білім беру қызметінің негізгі өкілі» тақырыбында лекция оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

Новосибирск мемлекеттік өлкетану музейі директорының м.а Шуклина Ю.К «Музей экспозицияларын жобалау» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Археолог - реставратор Крупа Т.Н, археолог, РҺD докторы Қәсенәлі А.Е, Пилипенко С.О «Талмас ата кесенесінің археологиялық кешенін алғашқы тазарту, зерттеу және одан әрі сақтауды қамтамасыз ету» қалпына келтіру бойынша мастер - класс өткізді. SMM менеджерлер «Әлеуметтік желідегі парақшаларды дамытудағы SMM негіздері» тақырыбында әлеуметтік желідегі парақшаларды дамытудың әдіс - тәсілдерімен бөлісті. Іс - шараға Қазақстанның түкпір - түкпірінен музей қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Тарих пен танымның қайнар көзі болып табылатын, тарих қойнауынан сыр шертетің Қарағанды Облыстық Тарихи - өлкетану Музейі нің 90 жылдық мерейтойы құтты болсын!


23 қыркүйек Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайның ұйымдастыруымен Ұлт Ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Сарыарқа- Ахмет Байтұрсынұлының саяси өсуінің бесігі" тақырыбында ахметтанушы ғалым, Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйі музейінің меңгерушісі Райхан Сахыбекқызы мен Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызымен ZOOM плотформасында кездесу-диалогы өтті. Іс-шараға ұстаздар, оқушылар қатысып, кездесу барысында сұрақтар қойылып, пікірлер ортаға салынды.

#АхметБайтұрсынұлы150жыл


22 қыркүйек А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекі қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы, Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150- жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған "ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" атты онлайн форсайт-форумы өтті.

Форумға Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызы "Ел - бүгінші, менікі ертеңгі үшін" тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қоса С.Аманжолов атындағы ШҚУ "Абайтану" ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбекқызы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы Бияров Бердібек Нұралдаұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, "Ономастика" бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Пашан Дана Мұсабекқызы, "Ахмет. Ұлт ұстазы" телехикаясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдаған белгілі киноактер, әнші, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиевтер қатысып, өз баяндамаларын оқыды.

#АхметБайтұрсынұлы150жыл


21 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Қостанай облысы əкімдігі Мəдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынұлы мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел зум платформасы арқылы өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар тарихшылар, филологтар, өлкетанушылар, архив, музейлердің, мəдениет жəне білім беру мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым жəне лингвист Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми жəне рухани мұрасын насихаттау. Дөңгелек үстел конференция барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорлары Серікбай, Мырзағалиева Күлзада, журналист, ахметтанушы, «Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясының мүшесі Ағытай Ибраһим, Мауданов Абылай Фазылханұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы музейінің басшысы Жақып Қалқаман Хасенұлы, ақын, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, филология ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Əбсадық Алмасбек Ахметұлы, Астана халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Өскембаев Қанат Сəдуақасұлы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі жетекшісі, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, Əбділда Тəжібаев атындағы Қызылорда облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Серікбаева Ақмарал Əлімбекқызы, Абылай хан резиденциясы музей кешенінің Тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Əлімжанов Асылан Қайдарұлы, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Оташева Нəзима Қуанышбайқызы, Торғай мұражайлар кешені басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы баяндама оқып, ойларын ортаға салды.

#АхметБайтұрсынұлы150жыл


23 сәуір күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептер альянсының біріккен жоспары аясында "Ұлттың ұлы көсемі" атты семинар өткізілді. Семинарға Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы ZOOM платформасы арқылы қатысып, А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы әдеби музейіне виртуалды саяхат жасады.


21 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен , "ZOOM" платформасында "Мемориалдық музейлердің үздік тәжірибелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемориалдық музейлер, саяси қуғын-сүргін, әскери бейіндегі және тарихи-өлкетану музей басшылары мен қызметкерлері және зерттеуші ғалымдар қатысты. Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызы "Музейдегі тарихи тұлғаларды насихаттау ісі" тақырыбында баяндама жасады.


29 маусым күні Ахмет Байтұрсынұлы ауылында Жангелдин ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары өтті. Семинарға Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлы мұраларының насихатталуы» тақырыбында баяндама жасады.

#АхметБайтұрсынұлы150жыл


20 қазан күні "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған "21 ғасырдағы А.БАйтұрсынұлының педагогикалық және әдеби мұрасының теориясы мен практикасын интеграциялау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызы қатысып, "Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін " тақырыбында баяндама оқыды.