Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ МЕМОРИАЛДЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЖАЙЫ

1860 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбор облыстық басқармасының шешімімен мектеп салу ісін мақсат тұтып, сол кезде Орынбор бекінісі деп аталған Торғайға келгенде 19 жастағы бозбала еді Оқыған-тоқығаны мол ғұлама ұстаз Ыбырай Алтынсарин 1860 жылы Торғай жеріне тас-түйін бекініп, үлкен арманмен келген еді. Ол арман – күні ертең бүкіл қазақ халқы үшін үлкен арнаға тоғысатын білімнің алғашқы ошақтарын ашу еді. Әділдік туы орнамаған, байлы мен жарлы әбжыландай арбасқан қараңғы елде мектеп ашу оңайға түспеді. Ол үшін арнайы жай, оны тұрғызатын қаржы болмады, оқулық құралы деген атымен жоқ еді.

Туған халқының келешегі үшін маңызы зор бұл іске жергілікті орындар салқын қабақпен қарады. Ыбырай Алтынсарин бұл уақытша қиындыққа мойымады.

Ауыл-ауылды аралап, елдің арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Тұр¬ғылықты халық арасында әріп танып, сауат ашудың, білім жолын қуудың қаншалықты маңызды екенін жергілікті тұрғындарға ерінбей-жалықпай түсіндірді. Ұлы ағарту¬шы¬ның мақсаты ел арасында қолдау табады. Қараңғы қазақ халқының көгінде күн болып ататын ғылым-білімнің күнделікті тыныстап отырған ауадай қажет екенін халық түсінді. Мұнда тұратын наға¬шы¬лары Шеген әулеті Ыбырайдың Торғайда мектеп салуына көмектеседі. Жергілікті халықтан қаражат жинап, Ыбырай Алтынсарин ауылда мектеп құрылысын салуға кірісті. Орыстың халық мектептері үлгісімен қазақ даласындағы тұңғыш мектептің жобасын жасады. Мектеп жайы ауқымды жерді алып жатқан еңселі әрі шатырлы, сынып бөлмелері кең, ұзынша дәлізі бар, балалардың сабақ оқуына қолайлы болды. Білім ошағының іргесі тастан қаланды. Қабырғасы құшақ жетпейтіндей қалың етіліп қышпен өрілді. Мектептің құрылысы туралы: «Ол уақытта Торғайда құрылыс салу оңай болмаған.

Соның барлығы қаржыға түскен. Оны халықтан малдай жинап, малды ақшаға айырбастаған соң ғана мектеп құрылысын аяқтаған. Сол білім ұясын өзіміздің көзіміз көрді, сонда оқыдық. Қабырғаларының қалыңдығы ғажап еді ғой», – деген еді марқұм Ы.Алтынсарин мектебінің түлегі, ұстаз Ғазиз қажы Әмірханұлы. Тарихи құжатта осы алғашқы мектепті 14 баланың бітіргені туралы айтылады.

Сол көне мектептің негізгі бөлігін қалдырып, халық мұрасын мұражай ретінде сақтау туралы 1987 жылы Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектерімен ұстаздары үндеу тастап, мектеп оқушылары мен Торғайдың жасынан бастап кәрісіне дейін үш ай жазда саманнан кірпіш құйып, қабырғасын қалап, Ыбырай ашқан тұңғыш қазақ мектебінің 125 жылдығына орай 1989 жылы халық қаражатымен, Ы.Алтынсарин іргесін қалаған мектеп қалпына келтіріліп, Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық мұражайы ашылады.

Торғай топырағына атбасын тіреген кез-келген жан көне тарихтың көзіндей болған Ыбырай Алтынсарин іргесін қалаған қазақ мектебінің қара шаңырағын көруге құмартары анық. Сол көне мектептен қалған соңғы белгі Ыбырай Алтынсарин музейіндегі қыш кірпіш пен саман кірпіш, қоңыраулар қана.

Музей материалдарының денін фото документтер мен көшірме құжаттар қамтыған. Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин өмір сүрген өңірден мұражай үшін құнды жәдігерлердің бай көзін табуға болады.

 Мұнда ағартушының жазған очерктері, хаттары мен ғалым қолданған қоңыраулар сақтаулы тұр. Осы мұражайдағы әр залдан өлкенің зиялы қауымы пір тұтқан Ыбырай бастаған ұстаздар тізбегінің екі ғасырға астасып жатқан өлшеусіз құнды ісіне куә боламыз. Осы жердің өзге өңірден өнер мен білімге, мәдениетке жоғары деңгейге көтерілуіне Ыбырай жаққан білім шырағының маздағанына куә боласың.

 

Мұражайдың әр залының өзіндік атауы бар:
1. Шығыс жұлдыздары. Далалық оқу мен мұсылманша сауаттану
2. Ыбырайдың ата-тегі. Балалық шағы мен білім алған ордасы
3. Ыбырай ағартушы-педагог, баспагер және оның достары
4. Ыбырай ашқан мектептер тарихы, ізбасарлары мен шәкірттері
5. Ыбырайға тағзым немесе құрмет.
Мұражайдың құндылығы – Ыбырай Алтынсариннің Торғайда алғаш ашылған мектебінің орнына салынғаны. Мұражайға келушілерді қызықтыратыны да осы құндылығы. Экспонаттардың көбісі көшірме болғанымен, түсінетін адам үшін баға жетпес мұра. Жәдігерлердің бірі ертеде қолданған татар оқулығының түпнұсқасы, алғаш ашылған мектептің сызба жоспары және сол замандағы мұғалімнің мектеп формасы, Ыбырай Алтынсариннің жазған очерктері мен алғаш шығарылған қазақша газеттің қолжазба нұсқасының көшірмесі, Торғайдағы қолөнер училищесінің фотосуреті мен қазақ балаларын оқыту үшін әзірлеген үш сатылы оқу жүйесінің сызба нұсқасы осы мұражайда қойылған.

Мұражайдың әр залының өзіндік атауы бар:
1. Шығыс жұлдыздары. Далалық оқу мен мұсылманша сауаттану
2. Ыбырайдың ата-тегі. Балалық шағы мен білім алған ордасы
3. Ыбырай ағартушы-педагог, баспагер және оның достары
4. Ыбырай ашқан мектептер тарихы, ізбасарлары мен шәкірттері
5. Ыбырайға тағзым немесе құрмет.

Мұражайдың құндылығы – Ыбырай Алтынсариннің Торғайда алғаш ашылған мектебінің орнына салынғаны. Мұражайға келушілерді қызықтыратыны да осы құндылығы. Экспонаттардың көбісі көшірме болғанымен, түсінетін адам үшін баға жетпес мұра.

Жәдігерлердің бірі ертеде қолданған татар оқулығының түпнұсқасы, алғаш ашылған мектептің сызба жоспары және сол замандағы мұғалімнің мектеп формасы, Ыбырай Алтынсариннің жазған очерктері мен алғаш шығарылған қазақша газеттің қолжазба нұсқасының көшірмесі, Торғайдағы қолөнер училищесінің фотосуреті мен қазақ балаларын оқыту үшін әзірлеген үш сатылы оқу жүйесінің сызба нұсқасы осы мұражайда қойылған. Мұражайға келушілерді таң қалдыратыны Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің орнына қайта қалпына келтіріліп салынған мұражайдың сызба жоспары алғашқы мектептің сызбасымен салынғаны. Яғни мұражайға кірген әрбір адам Ыбырайдың мектебіне кіргендей әсерде болатыны. Осындай құндылығымызды сақтау барысында мұражай қызметкерлері аянбай еңбек етуде.
Мұражайға келушілерге арналған естелік кітапшадағы бағалы пікірлердің бастауында 1989 жылы Торғай жеріне келген Елбасы Н.Назарбаевтың қолтаңбасы, берген бағасы мен ел халқына арнаған салмақты тілегі. Бұл Торғай мұражай кешендерінің қоғам алдындағы – ұрпақ алдындағы парызға адалдығын айқындап тұрғандай.