Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Конференциялар

10-11 ноября в Торгае прошел праздник. Юбилей, посвященный 330-летию Шакшака Жанибека Тархана, 120-летию со дня рождения поэта Нурхана Ахметбекова, 105-летию со дня рождения Кайнекея Жармаганбетова, 95-летию со дня рождения Гафу Каирбекова, 85-летию со дня рождения композитора Болата Хамзина и 95-летию Джангельдинского района, 155-летию города Торгай. Празднования начили с возложения цветов к памятникам Ахмета Байтурсынова и Миржакыпа Дулатова, Кайнекея Жармаганбетова, Нурхан Ахметбекова и Шакшак Жанибека. После посетили литературный музей А.Байтурсынова и М.Дулатова, исторический музей Шакшак Жанибека, дом музей Н.Ахметбекова. В Доме культуры имени  Нурхана Ахметбекова была представлена выставка "Лица Торгая, держащие пьедестал страны". Продолжилась республиканской научно-практической конференцией, на которой с докладами выступили ученые, потомки юбиляров.


5 қазан күні, Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасы және С.Қондыбай атындағы облыстық мемориалдық музейі» МКҚК Серікбол Қондыбайдың 55 жылдық мерейтойына байланысты 2023 жылдың қазан айының 4-6 күндері «Музей және мифология: интерпретациялау мәселелері мен зерттеудегі жаңа парадигма» атты музей қызметкерлерінің республикалық симпозиумында Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы "Музейдің қоғамдағы рөлі" тақырыбында баяндама жасады.


Ұлытау облысы  Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы және«М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі» КҚМК ұйымдастыруымен    Мәкен Төрегелдиннің туғанына 100 жыл толуына арналған "Ұлытау – мысты өлке: зерттеу, музейлендіру мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Алқалы жиынға әр тараптан жиналған ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері және Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысты.

Ұлытау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы және «М.Төрегелдин атындағы Жезді тау - кен және балқыту ісі тарихы музейі» КҚМК ұйымдастыруымен Мәкен Төрегелдиннің туғанына 100 жыл толуына арналған "Ұлытау – мысты өлке: зерттеу, музейлендіру мәселелері" атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті.

Алқалы жиынға әр тараптан жиналған ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері және Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысты.


14 маусым күні, Арқалық қаласында Ұлт азаттық көтеріліс қолбасшысы Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған “Ерлігі елге өнеге” атты аймақтық конференциясы өтті. Іс-шараға Қостанай облысы оңтүстік аймағы Жангелдин, Амангелді, Наурызым аудандарымен Арқалық қаласының өлкетанушылары, тарихшылары, зиялы қауым өкілдері мен білім саласының тарихшы мамандары қатысты. Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысып, “Тарих.Тағылым.Музей” тақырыбында баяндама жасады.


Қостанай өңірлік университеті мен Әлихан Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен
Тобыл төрінде  «Алаш ардақтысы Сейдәзім Қадырбай: тұлғасы, мұрасы, қайраткерлігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
 Келелі жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің алаштанушы, тарихшы, заңгер ғалымдары қатысты.
Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысып қайтты.

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар  қорғау күні қарсаңында Түркістан қаласында Қожа  Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО тізіміне алынғанына 20 жыл, Қазқайтажаңарту мекемесінің 50 жылдығына орай "Әлемдік мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр. Осы іс-шараға Гүлбану Құлетқызы  өлкетанушы ретінде қатысып, "Қостанай өлкесінің киелі жерлері" тақырыбында баяндама жасайды.


Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың сәуір айының 27 күні қазақ даласында білім мен ғылымның қалыптасып, дамуына үлесін қосқан тарихи тұлғалар, қазақ ұлтының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы пен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш журналист-публицист Нәзипа Құлжанованың шығармашылығы мен өмір жолына арналған «Нәзипа Құлжанованың рухани мұрасын заманауи бағытта жаңартылған білім берумен ұштастыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына музей қызметкері Ляззат Тайшығарақызы «Нәзипаның халқына жасаған еңбегі» тақырыбында баяндамамен қатысты.


06 сәуір күні А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына «Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Қобда орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ұйымдастыруымен « А.Байтұрсынұлы-Ұлт жанашыры» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн кездесуге музей басшысы Г.Сәрсекей қатысып, А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы әдеби музейінде Ұлт ұстазының өмір жолы мен еңбек жолы, шығамашылығын таныстырып .тақырыптық экскурсия жасады. Іс-шарада кітапхана жүйесінің директоры Бисекенова Гуля Майыбайқызы, Қобда аудандық ардагерлер үйінің төрағасы Кереймағамбетов Нұрлыбек Құтжанұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Құдайбергенова Айнагүл Нағыметиярқызы және мектеп оқушылары қатысты.


4 қазан күні Франция елінің Париж қаласында орналасқан ЮНЕСКО-ның бас штабында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет" тақырыбында халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Осы конференцияға қазақ делегациясы құрамында Торғай елінің атынан "Торғай мұражайлар кешенінің" басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысты.


Тобыл Торғай жерінде өтіп жатқан ұлы мерекенің жалғасы Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» тақырыбында өткен республикалық ғылыми -тәжірибелік конференциясымен жалғасын тапты. Конференцияға ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қойшығара Салғараұлы, Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов, конференция модераторы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, г.ғ.д., профессор Қуанышбаев Сейтбек Бекенұлы, конференция спикерлері Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері, жазушы, ф.ғ.д Ғарифолла Қабдолқайырұлы Әнес , ахметтанушы, жазушы, ф.ғ.к профессор Оспанов Серік Оспанұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, "Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ҰҒПО" КеАҚ Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Төкенқызы баяндамалары оқыды. Конференцияның екінші салтанатты бөлімі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай арнайы мерейтойлық медалінің марапаттауымен және Жангелдин ауданың құрметті азамат атағы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Тіл жанашыры" сыйлығын табыстаумен жалғасты. #АхметБайтұрсынұлы150жыл


Бүгін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі ұйымдастыруымен "Akhmet- teacher of nation" атты ғылыми танымдық республикалық телемост бағдарламасына мұражай басшысы Гулбану Құлетқызымен ғылыми қызметкер Альбина Дулатқызы қатысып, мұражайдағы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларын, тұтынған заттарын таныстырды.

 


Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мәдени-тарихи және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ұйымдастыруымен "АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызы қатысты. Конференцияда "Ахмет Байтұрсынұлы мұраларының насихатталуы" тақырыбында баяндама жасады

 


23 сәуір күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептер альянсының біріккен жоспары аясында "Ұлттың ұлы көсемі" атты семинар өткізілді. Семинарға Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы ZOOM платформасы арқылы қатысып, А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы әдеби музейіне виртуалды саяхат жасады.

Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі веб-форум ұйымдастырды.
Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызы "Ұлтын ұлықтаған - Ұлы тұлға" атты баяндама оқып, ағартушының өмірімен шығармашылығын және Ахмет Байтұрсынұлының музей қорындағы құнды жәдігерлерімен таныстырып, экскурсия жасады . Онлайн конференцияға студенттер, көрермендер қатысты.