Алаштың ардақты перзенті - Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған “Торғай - тұлғалар мекені” атты поэзия фестиваліне келген қонақтарымыз журналист, тарихшы, ҚР мемлекеттік сыйлықтың иегері Қойшығара Салғараұлы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, сыншы, журналист Амангелді Кеңшілікұлы Торғайдың Жангелдин Мұражайлар Кешені нің Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралап, музей тарихы және тұлғалар өмірімен танысты.
12-13 шілде күні Торғайдың Жангелдин Мұражайлар Кешенінің музейлерін тамашалаған туристер мен елге келген қонақтар
13 шілде күні "Тылсым Торғайға тур" жобасының блог-туры аясында бір топ тревел блогерлер Торғайдың Жангелдин Мұражайлар Кешеніне қарасты 4 музейді - Ы.Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейі, Әліби Жангелдин тарихи-мемориалды музейі, Шақшақ Жәнібек тарихи музейі және Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. Тревел-блогер Amandyq Amirkhamzin , гид, саяхатшы Жәнібек Қорғанұлы бастаған құрамында Болатбек Қожан - тәуелсіз журналист, зерттеуші, Жамбыл Зейнуллин - «Қасқа жол» ютуб арнасының жүргізушісі, тележүргізуші, Дастан Әбіш - қазақ мәдениеті мен тарихын насихаттаушы, Арман Байсадықов - фотограф, Қалима Тәжіқұл - белгілі журналист, Анар Төлеухан - журналист, блогер Торғай тарихын зерттеуші туристер құрамымен келген саяхатшылар Торғай тарихымен, тұлғаларымен, олардың тұтынған заттарымен танысты.
13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне және Алаш үкіметінің құрылған күніне орай Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінде музей әдістемешісі Аубакирова Альбина Дулатқызы Алматы облысы ,Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылындағы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-нің 10-11 сынып оқушыларына Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы және музейдегі құнды жәдігерлер туралы ZOOM платформасы арқылы экскурсия жүргізді.
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті.
3 желтоқсан күні Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіне Ақмола облысы Көкшетау қаласының 11 мектеп- гимназиясының тарих пәні оқытушылары Аяшева Ж. С, Махамбет Д. Б ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына " Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында ZOOM платформасы арқылы экскурсия жүргізілді. Баяндама жасап, экскурсияны музей басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы жүргізді.
25 қараша күні - Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, Міржақып Дулатұлының туған күніне өмірі мен шығармашылығы туралы мектеп оқушыларына танымдық музей сағаты өткізілді.
20 қараша күні Шахмет Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртістері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралап, Алаш зиялыларының тағдырымен танысып, Торғай елінің тумаларын танып, тамаша әсермен елдеріне жол тартты.
11 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін және Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін Қостанай облысы прокурорының орынбасары аға әділет кеңесшісі Сүтбаев Омар Өтеубайұлы және Жангелдин аудандық прокуратурасының қызметкерлері аралады.
6 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-нің ұйымдастыруымен "Ұлттың рухани көсемі-Ахмет Байтұрсынұлы" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына Торғай мұражайлар кешенінің әдістемешісі Альбина Дулатқызы "Алаш ардақтысы-Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде баяндама жасап, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіне экскурсия жасады.
5 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қостанай қаласындағы №28 мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен өткен іс шараға Торғай мұражайлар кешенінің әдістемешісі Альбина Дулатқызы қатысып, ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіне экскурсия жасап, Ахмет Байтұрсынұлының құнды заттары мен кітаптарымен таныстырды.
20 маусым күні, Балдырған балабақшасының бүлдіршіндері мен Шоқан Уәлиханов мектебінің жанынан ашылған лагерь бүлдіршіндері Ыбырай Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейін аралады.
17 маусым күні, Сарысу мектеп лагері мен Қалам - Қарасу мектеп лагерінің бүлдіршіндері Торғайға келіп, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин музейін, батыр, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейін аралады. Музейдегі құнды жәдігерлер мен тұлғалардың өмірімен танысты.
Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің "Айгөлек" лагерінің бүлдіршіндері мен Шоқан Уәлиханов мектебінің балабақша тәрбиеленушілері ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғасыр батыры Шақшақ Жәнібек музейін, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин музейін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин музейін аралады.
9 мамыр - Жеңіс күні. Әліби Жанкелдин тарихи-мемориалды музейіндегі Ұлы Отан соғыс жылдары залына Торғай мұражайлар кешенінің әдіскері Аубакирова Альбина Дулатқызы "Ұлы жеңіске мың тағзым!" тақырыбында оқушыларға тақырыптық экскурсия жасады. Ұлы Отан соғысына қатысқан ауданымыздағы ардагерлермен таныстырды. Ардагерлеріміздің Ұлы Отан соғыс жылдарында ерлігі мен жігерін, майдан үшін тылда еңбек еткен қарт, әйел адамдардың майданға қосқан үлесін оқушыларға насихаттады.
6 сәуір күні, Ауданның мәдениет саласының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың тұрғындары орналасқан эвакуациялық пунктерде ауыл балаларының бос уақыттарын тиімді, әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында түрлі мәдени жұмыстары жүргізіліп, аудан орталығындағы мұражайлар кешенің аралады.
Торғай тарихына толы мұраларымызды көзбен көрген оқушылар ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, жиһангез, саяхатшы Әліби Жангелдин тарихи-мемориалды музейін, XVIII ғасыр батыры Тархан Шақшақ Жәнібек тарихи музейін аралады. Торғай тұлғаларымен тереңінен танысты.
8 қаңтар күні, Ұлы ағартушы ашқан мектепке 160 жыл толуына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3, 4, 8 сынып оқушылары музей аралады. Музейде қазақтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін,Торғайдағы тұңғыш мектептің тарихын музей қызметкерлері оқушыларға таныстырды.
Ұлттық құндылықтарға хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Осы мақсатта Ы.Алтынсарин орта мектебінің ұстазы Сапенов Қанат 8-сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарымызды насихаттау барысында Музейде сабақ өткізді.
Музейде сан қырлы тарихымыздың жәдігерлері мен туындыларды халыққа паш етуге арналған арнайы экспозициялық заллар жұмыс жасайды. Соның бірі этнография залы. Экспозицияда қазақ халқының өзіндік мәдени дәстүрін түсінуге мүмкіндік беретін, сирек кездесетін экспонаттар ұсынылған. Оның ішінде қазақ мәдениетінің бірегей символы – киіз үйі, ұлттық киімдер,қазақ халқының қару-жарақтары, ат әбзелдері, сырт киімдер, ағаш ыдыстар, төсек орындар, қазақтың өнері мен дәстүрінің ажырамас маңызды саласының бірі – зергерлік өнері зергерлік бұйымдар және қазақтың музыкалық аспаптары бар.
Музейге келген оқушылар этнография залынан қазақ халқының болмысын, ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, таным-түсініктерін, өлкеге тән жәдігерлері арқылы танып біле алды.
20 қыркүйек күні «ҚР қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментінің Жангелдин аудандық қазынашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі және Жангелдин аудандық прокуратурасына іс-сапармен келген қонақтар Торғай тарихымен танысып, музейлерді аралады.
Бүгін 11 қыркүйек, Қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық келісім жанындағы ҚХА «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Ақсақалдар кенесінің мүшелері Торғай еліне табандарын тіреді. Жобаның мақсаты: - этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет саясатын іске асыру; - ұлтаралық келісім мен халық бірлігін нығайту және сақтау, қоғамды біріктіру; - қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және насихаттау; - облыс аумағында тұратын этностар арасындағы ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және ескеру; Ардагерлер Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, батыр Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, ағартушы Ы.Алтынсарин музейін, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың музей-үйін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин Тоғжанұлы музейін аралады. Ы. Алтынсарин музейінде Қоғамдық келісім Ақсақалдар кенесінің мүшелері Торғай жастары, оқушыларымен кездесу өткізді.
5 қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3-5 сынып оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өтіп, танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы және тұтынған заттарының тарихынан деректер айтылды.
15 маусым күні, Сарысу мектеп лагерінің бүлдіршіндері Торғайға келіп, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин музейін, батыр, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейін аралады. Музейдегі құнды жәдігерлер мен тұлғалардың өмірімен танысты.
15 маусым күні, XVIII ғасыр батыры Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы, батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығы, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына орай Восточный ауылдық мектебінің оқушылары Торғайға келіп, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин музейін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин музейін, батыр, мәмілегер Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. Музейдегі тұлғалардың өмірі мен шығармаларын, музейдегі құнды заттармен танысты.
14 маусым күні, Тархан Шақшақ Жәнібек батырдың 330 жылдығы, батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығы, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына орай Жангелдин мектеп лагерінің бүлдіршіндері музей тамашалауға келді. Музейдегі құнды экспонаттармен танысып, тұлғалардың өмірі мен шығармаларымен танысты
14 маусым күні, Тархан Шақшақ Жәнібек батырдың 330 жылдығы, батыр Амангелді Имановтың150 жылдығына орай Амангелді ауданы Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары, ұстаздар Торғайға келіп, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин музейін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин музейін, XVIII ғасыр батыры Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. Музей қызметкерлері экскурсия жасап, тың мәліметтер алды.
9 маусым күні, Қалам-Қарасу орта мектебі лагерінің бүлдіршіндері Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады.
9 маусым күні, Шоқан Уәлиханов орта мектебі лагерінің бүлдіршіндері Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады.
8 маусым күні, Ыбырай Алтынсарин Орта Мектебінің “Айгөлек” лагерінің бүлдіршіндер ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. #balademalys2023
8 маусым күні, Ыбырай Алтынсарин Орта Мектебінің “Айгөлек” лагерінің бүлдіршіндер ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. #balademalys2023
Бүгін 6 маусым, ақын Мырзабеков Кеңшілік Ағытайұлының туған күні. МЫРЗАБЕКОВ КЕҢШІЛІК АҒЫТАЙҰЛЫ – (06.06.1946-1989 жж) Қостанай облысы Жангелдин ауданы Жәнібек Тархан ауылында туған. Ақын. ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1976). 1966 – 89 жылы Қостанай облысы “Коммунизм таңы” (қазіргі “Қостанай таңы”), “Лениншіл Жас” (қазіргі “Жас Алаш”), Алматы облысы “Жетісу”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде, “Жазушы” баспасында, “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында қызмет атқарды. Ақынның алғашқы жинағы “Іңкәр дүние” 1972 жылы баспадан шықты. Оның “Сәруар” (1980), “Революция перзенттері” (1980), “Қасиетті қас қағым” (1985), “Дәуір – дастан” (1988), “Ауыл мен астана” (1994) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Ақын өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен өмірге іңкәрлік, лирика сан түрлі толғаныстар басым. “Балалық шақ балладалары” атты жыр жинағы зерттеушілер тарапынан жоғары бағаланды (1987). Ол Е.Евтушенконың “Менің шешем және нейтрон бомбасы”, “Фуку” атты поэмаларын қазақ тіліне аударды (1989). Сондай-ақ ақынның “Іңкәр дүние” (1990), “Бір мысқал” (1996), “Жолға салдым көшімді (2002), “Менің мұңым – махаббат” (2003) атты жыр жинақтары мен “Тың туралы толғау” (1987) секілді мақалалар, очерктер жинағы бар. Мырзабеков жайында “Қайран Кеңшілік!” атты естелік кітап жарыққа шықты (1996). 2006 жылы Алматы қаласында Кеңшілік Мырзабековтың құрметіне көшенің аты берілген.
7 маусым күні, Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы,батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Әулиекөл ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7,10 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғай жеріне келіп, музейлер аралады. Жиһангез , саяхатшы Әліби Жанкелдин Тоғжанұлы музейін, ағартушы, Торғай жерінде алғаш білім негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғ батыры, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек тарихи музейлерін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты. #balademalys2023
29 мамыр күні, Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы,батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Амангелді ауданы Степняк ауылының 6-9 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғай жеріне келіп, музейлер аралады. Жиһангез , саяхатшы Әліби Жанкелдин Тоғжанұлы музейін, ағартушы, Торғай жерінде алғаш білім негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғ батыры, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек тарихи музейлерін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты.
4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейінде “Мемлекеттік рәміздер - ел мәртебесі” тақырыбында көрме шығарылып, көрермен назарына ұсынылды.
Мемлекеттік қызметкерлер аллеясында өткен “Көк байрағым-еркіндігім, елдігім” атты акцияға Торғай мұражайлар кешені қызметкерлері қатысып, Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
26 мамыр күні, Білім Бөлімі Жангелді Ауданы ұйымдастыруымен “АУДАН МҰРАЖАЙЛАРЫНА САЯХАТ” атты мұражай қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға ауданымыздың тарих пәнінің мұғалімдері мен оқцшылары қатысты. Бағдарлама барысы музей қызметкерлерімен танысып, жұмыстарымен таныстырылды. Ағартушы Ыбырай Алтынсарин мемориалды-пелагогикалық музейін, Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралада. Оқушылар алаш арыстарының өлеңдерін жатқа оқыды.
4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейінде “Мемлекеттік рәміздер - ел мәртебесі” тақырыбында көрме шығарылып, көрермен назарына ұсынылды.
Мемлекеттік қызметкерлер аллеясында өткен “Көк байрағым-еркіндігім, елдігім” атты акцияға Торғай мұражайлар кешені қызметкерлері қатысып, Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
26 мамыр күні, Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы,батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Амангелді ауданы Жаңа ауылының 6,8 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғай жеріне келіп, музейлер аралады. Жиһангез , саяхатшы Әліби Жанкелдин Тоғжанұлы музейін, ағартушы, Торғай жерінде алғаш білім негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғ батыры, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек тарихи музейлерін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты.
31 мамыр Қуғын-сүргін күніне орай Жангелдин жалпы білім беретін мектебінің 7-10 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғайға келіп, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, Қазақ даласына тұнғыш білім ұрығын шашқан Ыбырай Алтынсарин музейін, Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, жиһангез саяхатшы, революционер Әліби Жангелдин музейін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты.
29 мамыр күні, Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы,батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Амангелді ауданы Құмкешу ауылының 6,7 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғай жеріне келіп, музейлер аралады. Жиһангез , саяхатшы Әліби Жанкелдин Тоғжанұлы музейін, ағартушы, Торғай жерінде алғаш білім негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғ батыры, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек тарихи музейлерін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты.
22 сәуір күні батыр Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы, Амангелді Имановтың 150 жылдығы орай Арқалық қаласынан Ш.Уәлиханов орта мектебі, А.Құнанбаев орта мектебінің 7-9 сынып оқушылар Торғайға келіп музейлерді аралады.
4 мамыр күні, спорт ардагері Мырзағалиев Жұмабек Мешітбайұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық турниріне қатысушы жас спортшылар алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, жиһангез, саяхатшы Әліби Жангелдин Тоғжанұлы музейін аралап, ел тарихымен, Торғай жерінен шыққан тұлғалармен танысты.
13 сәуір күні, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінің студенттері музей аралады. Торғай мұражайлар кешені қызметкерлері методикалық көмек көрсетті.
20 сәуір күні Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінде Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 7-сынып оқушыларымен музей сағаты өткізілді.
20 сәуір күні Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінде Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 7-сынып оқушыларымен музей сағаты өткізілді.
4 сәуір күні Ә.Жангелдин тарихи-әдеби музейінде халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Жангелдин аудандық архив қызметкерлеріне Амангелді Имановтың өмір жолы мен ұлт-азаттық қозғалыс тарихына, тарихи оқиға кезінде қолданылған жергілікті ұсталардың қолынан шыққан қару-жарақтар таныстырылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Бүгін 22 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа Қостанай облысынан кандидат Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы аралады.
Бүгін, 27 қаңтар күні Торғай ауданының 95 жылдығына Шақшақ Жәнібек батырдың 330 жылдығына орай Қаратүбек Жалпы білім беретін мектебінің 9-10 сынып оқушылары Торғайға келіп, ең алғаш білім ұрығын сепкен ағартушы, ұстаз Ы. Алтынсарин музейін, Торғай тарихынан сыр шертетін Ә.Жангелдин музейін, XVIII ғасыр батыры Шақшақ Жәнібек тарихи музейін, алаш арыстары А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының әдеби музейлерін аралап, құнды заттармен танысып, Торғай тарихы, Шақшақ Жәнібектің батырлығы туралы мәліметтер тыңдады.
16 қаңтар күні, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін "Таған" театрының әртістері аралады. Музейдегі құнды жәдігерлермен өздері тұтынған заттармен танысты.
Студенттермен кездесу кеші 13 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінде өтті. Іс-шара барысы қос арыстарымыздың өмірі мен шығармашылығы, тұтынған заттарымен танысып, квест ойындарымен жалғасты.
20 желтоқсан күні, Қостанай облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. Экскурсия жүргізген музейдің ғылыми қызметкері Аубакирова Альбина Дулатқызы
28 желтоқсан күні Торғай жеріне іс сапармен облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов келді. Сапар барысында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. Музейдегі құнды жәдігерлері және қос арыстың тағдыры мен шығармашылығымен танысты. Экскурсия жүргізген музей басшысы Гүлбану Құлетқызы жүргізді.
29 желтоқсан күні Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы мен филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын, филология факультетінің деканы Айбек Қалиев және бір топ институт қызметкерлері Торғайға келіп, Шақшақ Жәнібек тарихи музейін және Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейлерін аралады. Музейдің құнды жәдігерлерімен танысты. Экскурсия жүргізген музей басшысы Гүлбану Құлетқызы.
Бүгін, 22 қараша күні Балалар жылы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай. Қаратүбек орта мектебінің 8 сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралап, Қос арыстың өмірі мен шығармашылығы, музейдегі құнды экспонаттармен, Жиһанкез, саяхатшы Әліби Жангелдиннің мемориалды музейіне барып Торғай елінің тарихымен, қазақ даласындағы алғашқы мектепті Торғайда ашқан қазақтың белгілі педагог - ағартушысы, этнограф - ғалым және публицист Ыбырай Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейін аралап, Ұлы ағартушының өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларымен және XVIII ғ батыры Шақшақ Жәнібек тарихи музейін аралап, жәдігерлермен танысты.
Бүгін, 18 қараша күні ақын, ұстаз Айбек Қалиев пен Абай танушы, Ыбырай танушы, доцент, доктор PhD Экрем Аян Торғай еліне келіп, музейлер аралады. Ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейін, XVIII ғасыр батыры, мәмлегері Шақшақ Жәнібек музейін, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. Экрем Аян Modern Kazak Edebiyatının Öncüsü - Ibıray Altınsarin атты кітабын музейге сыйға тартты.
16 қараша күні, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Балалар жылы аясында Көкшетау қаласа "№16 ЖОББМ" КММ оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіне виртуалды саяхат жасады. Оқушылар Қос арыстың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған заттармен танысты. Экскурсия жүргізуші ғылыми қызметкер Аубакирова Альбина Дулатқызы.
8 қараша күні Қостанай облысы прокурорының аға әділет кеңесшісі Сматов Марат Ералиевич, Қостанай облысы Полиция Департаментінің орынбасары полиция полковнигі Әбенов Бауыржан Нұрсұлтанұлы, Жангелдин ауданы Пб бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ахметов Талғат Батырбекұлы, Жангелдин ауданы Пб бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Балтабаев Талғат Қошқарбекұлы, Жангелдин ауданы полиция бөлімі бастығың орынбасары полиция майоры Әбдір Айбат Бауыржанұлы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, батыр, мәмілергер Шақшақ Жәнібек тарихи музейін тамашалады.
9 шараша күні Балалар жылы аясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Ы.Алтынсарин орта мектебінің, Қайдосов орта мектебінің 11 сынып оқушылары, Ш.Уәлиханов орта мектебінің 7 сынып оқушылары Алаш арыстар А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейін аралады.
26 қазан күні Балалар жылы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Амангелді ауданы, Ақсай ауылының 8-10 сынып оқушылары және мұғалімдері Торғай еліне келді. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралап, Қос арыстың өмірі мен шығармашылығы, музейдегі құнды экспонаттармен танысты. Жиһанкез, саяхатшы Әліби Жангелдиннің мемориалды музейіне барып Торғай елінің тарихымен танысты. Қазақ даласындағы алғашқы мектепті Торғайда ашқан қазақтың белгілі педагог-ағартушысы, этнограф-ғалым және публицист Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін аралап, Ұлы ағартушының өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларымен танысты.
19 қазан күні Балалар жылы қаланың білім бөлімі «Modern Qazaqstan» ҚБ-мен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ахмет Байтұрсынұлының әлемі мен рухани мұрасы» жобасы аясында қостанайлық оқушылар тобы ұлы ағартушының еліне экспедицияға келді. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады. Экскурсия барысында қазақ жерінің екі ұлы тұлғасының өмірі мен шығармашылығы, мұражай экспонаттары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Мұражайға келуиқостанайлық оқушылардың бойында көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер тудырды. Экспедиция қатысушылары мұражай қонақтарына арналған тілектер кітабына жазбалар қалдырды.
Бүгін, 16 қыркүйек күні "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Қайрат Мәтіреков бастаған журналистер қауымы мен "Желтоқсан" қоғамдық бірлестік мүшелері Торғай еліне келіп, музейлерді аралады.
22 маусым күні НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ № 40 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ішінен ашылған Әлкей Марғұлан музей меңгерушісі Байдрахманова Сәуле мектеп оқушыларын Торғай еліне бастап алып келді. Оқушылар елдің тарихымен танысып, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық музейін, XVIII ғасыр батыры Шақшақ Жәнібек музейін, Алаш арыстары А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлына арналған залдарды тамашалады. Музейдегі тың деректер естіп, құнды жәдігерлерді өз көздерімен көріп білімдерін шындай түсті деген сенімдеміз.
21 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы Міржақып Дулатұлы орта мектебі №68 мектеп-гимназиясының ұстаздарымен оқушылары арнайы Міржақып Дулатұлы еліне экспедицияға келді.
Балалар жылы шеңбері аясында 17 маусым күні Сужарған ауылы Қайдосов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі мен аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектептерінің жанынан ашылған жазғы лагерінің балалары музейлер аралады. Музейіміздегі құнды жәдігерлерді көріп, таң-тамаша болды.
Балалар жылы шеңбері аясында Амангелді ауданы Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің 7-9 сынып оқушылары ел тарихымен танысып, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин атындағы мемориалды-педагогикалық музейін, Батыр, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек музейін, Алаш арыстары А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы залдарын аралап, құнды жәдігерлермен танысты.
Балалар жылы шеңбері аясында Амангелді ауданы Б.Қолдасбаев жалпы білім беретін мектебінің 7-10 сынып оқушылары келіп, Ұлы ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин атындағы мемориалды-педагогикалық музейін, Алаш арыстары А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы, Шақшақ Жәнібек музейлерін аралап, өмір жолымен шығармаларына арқау еткен өлкенің елімен жер тарихымен танысты.
Балалар жылы шеңбері аясында 16 маусым күні Жангелдин ауданы Сужарған ауылының Қайдосов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары Торғай жеріне келіп, музейлерді тамашалады.
"Балалар жылы" шеңберінде 4 маусым күні Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-10 сынып оқушыларымен ұстаздары елдің тарихымен танысып, музейлер аралады.
"Балалар жылы" шеңберінде. Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл. Рәміздер күніне арналған Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек"жазғы сауықтыру лагерінің балаларына рәміздер тарихына арналған "Білімім байрағым мен ұраным" интеллектуалдық викторина ойыны өткізілді.
"Балалар жылы" шеңберінде 3 маусым күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп- гимназиясы» КММ «Темірқазық» педагогикалық клубы мүшелері киелі жерлерге саяхат жасап және мұражайларды аралады.
13.05.22. Бүгін Амангелді ауданы Құмкешу ауылы, Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен ұстаздары ел тарихымен танысып, музейлерді аралады
30 наурыз күні Жангелдин аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен "Балалар жылына" және спорт ардагері Мырзағалиев Жұмабек Мешітбайұлын еске алуға арналған Бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық турниріне қатысқан облыстың әр аумағынан келген жас спортшылар ел тарихымен танысып, мұражайларды аралады.
10 наурыз күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына Жангелдин аудандық Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына арналған тақырыптық экскурсия жасалды.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Балдырған» балабақшасының бүлдіршендері, әліп-би атасы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен тұтынған заттарына саяхат жасады.
15 ақпан күні Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Бейімбет Майлин ауданының Балалар кітапханасы қызметкерлері ZOOM платформасы арқылы Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызымен «Ұлтымыздың рухани көшбасшысы» атты виртуалды саяхат ұйымдастырды. Гүлбану Құлетқызы А.Байтұрсынұлының мерейтойына өткізілетін жұмыстар туралы баяндады. Ағартушының өмір жолы мен музей қорындағы құнды жәдігерлерін таныстырды.
15 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-і «Жангелдин аудандық мемлекеттік архиві» филиалының ұйымдастыруымен ZOOМ платформасы арқылы «А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы» тақырыбында онлайн конференция өткізіліп, Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолы, шығармашылығы, өзі қолданып тұтынған заттарына тақырыптық экскурсия жасады.
11 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына Шоқан Уәлиханов орта мектебінің 2 сынып оқушыларына музей сабағы өткізіліп, Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, әліп-би оқулығы, тұтынған заттары, білім алған жерлері таныстырылды.
11- ақпан күні - Сазгер, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
Хамзин Болаттың өмірі мен шығармашылығы, әндері, театрда сомдаған рөлдерімен Шоқан Уалиханов орта мектебінің 7 сынып оқушыларына экскурсия жасалды.
Болат Хамзин (1939-1992 жж) Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында туған. Құрманғазы атын. Алматы мемл.консерваториясы халық аспаптар оркестрінің дирижері мамандығы бойынша бітірген». 1960ж. Еңбек жолын Жангелдин ауданы Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып бастап, Ы.Алтынсарин атында мектеп оқушыларына музыка мен ән сабағынан, домбырада ойнаудан дәріс берді. Талантты жастардың басын қосып, көркемөнерпаздар үйірмесін, драма тобын құрды. Сөйтіп, аудан шаруашылықтарында жаппай өнер ұжымдарының қанат жаюына ұйытқы болды. Болат Хамзин аудандық мәдениет бөлімін басқарған кезеңде Торғай кентінде алғаш рет фолькор-этнограф. «Ғасырлар пернесі» ансамблі ұйымдастырылды.Х. басқарған драма үйірмесі 1968 ж «Халық театры» атағын алды. 1974-1992 ж. Торғайдағы муз.балалар мектебінде сабақ берді. 1957 ж Мәскеуде өткен Жастар мен студенттердің дүние жүз.ҮІ фестиваліне қатысып, лауреат атанды.
9 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызымен "Қазақ мәдениетінің хан тәңірі" атты А.Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы әдеби музейінде онлайн кездесу өткізілді. Іс-шараға Өскемен, Қостанай, Торғай қалаларының "Жас Ахметтанушылар", кітапхана қызметкерлері, мектеп оқушылары қатысып, Ахаңның өмір жолымен тұтынған заттарымен танысты.Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқыды.
4 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына Шоқан Уәлиханов орта мектебінің 4 сынып оқушыларына музей сабағы өткізіліп, ағартушының өмір жолы мен өлеңдері таныстырылды.
3 қараша күні Ахмет Байтұрсынұлы150 жылдығына Н. Г. Иванов орта мектебінде өткен "Ұлт ұстазы" атты іс- шараға музей қызметкерлері "Ұлт көсемі, рухани ұстаз" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмені ұстаздар мен оқушылар тамашалады.
28 қаңтар күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы ұйымдастырумен ZOOM платформасы арқылы “Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ұлы көсемі” тақырыбында Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызымен онлайн кездесу өткізілді. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолы, шығармашылығы, өзі қолданып тұтынған заттарына тақырыптық экскурсия жасалды.
26 қаңтар күні - Ұлт ұстазы, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері,қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы , ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, , қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына Ы.Алтынсарин орта мектебінің 10 сынып оқушыларына өмірі мен шығармашылығы , қалдырған бай мұрасының бір саласы – аудармалары туралы, музей қорының құнды жәдігерлерінің бірі өзі қолданып тұтынған заттары насихатталып тақырыптық экускурсия жүргізілді.