Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Торғай оязы

ТОРҒАЙ ОЯЗЫ – Ресей мемлекетінің әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1868-1917 жж. Торғай облысының құрамына кірген. Орталығы -Торғай қаласы болды. 13 болыс пен 65 ауылды қамтыды. Ояз облыстың оңтүстігінде орналасып,  батысында қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз, Қарабұтақ аудандарымен, оңтүстігінде қарағанды облысының Ұлытау ауданы мен, шығысында Ақмола облысының Атбасар, Жақсы,Есіл ауданымен, Солтүстігінде осы облыстың Жарқайың ауданымен, Қостанай облысының Әулиекөл, Жетіғара ауданының жерлерімен шектесті. 1897 жылғы адам санағы бойынша оязды 87039 адам мекендеген. Тұрғындары негізінен мал шаруасымен айналысты. Торғай, Қабырға өзендерінің бойында атақты диқан Қыпшақ Сейітқұл жер жыртып, егін екті. 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басында ояз тұрғындарының патша үкіметінің қоныс аудару саясатына қарсы қозғалысы өріс алды. Қазақтың ұлы ұстазы Ы.Алтынсарин жергілікті халықтың жастары үшін алғашқы оқу орындарны ашты. 1916 жылғы Ресей патшасының майданның қара жұмыстарына адам алу туралы Маусым жарлығына наразы ояз өз тұрғындары ғана емес, көптеген көршілес аймақтар көтерілісішілерінің бас қосқан, отаршылдық зорлық-зомбылыққа қарсы бүкілхалықтық күрестің табанды орт-на айналды.