Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені
«Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» облыстағымузейлер арасындағы жалғыз кешен. Кешеннің тарихы 2002 жылдан басталады. Кешенге 4 музей кіреді.
- Әліби ТоғжанұлыЖангелдин тарихи –мемориалдымұражайы -1984 жылы ашылған;
- Ыбырай Алтынсарин мемориалды – педагогикалықмұражайы – 1988 жылы ашылған;
- Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов әдебимұражайы – 1991 жылы ашылған;
- Шақшақ Жәнібек тарихи мұражайы – 1993 жылыашылған.
12410 шаршы метр алаңы, қор қоймасының жері 22 кв. Жұмыс істеген жылдарында да музей ғылыми - іздестіру, зерттеу, мәдени-ағартушылық, әдістемелік, насихаттаужұмыспен айналысуда . Жалпы кешеннің қор саны - 5545 ( 2024 ж кіргенде). Кешеннің қызметкерлері музейден тысжерлерге де көшпелі шаралар өткізеді. Музейлер мемлекетсаясатын қалың бұқараға таратушы орындардын бірі, солсебепті президенттің жыл сайынғы жолдауын басымдылықберетін бағыттар, басқа да мемлекет құжаттарыннасихаттайды. Кешеннің басты бағыттарының бірі өлкетануболып табылады. 2017 жылы президенттің «Болашаққабағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туғанжердің тарихын зерттеу басталды, өлкенің қасиеттіжерлеріне де экскурсиялар жасап, экспедицияға шығады. Қорларды жинау, зерттеу, сақтау мақсатында музей процестерін цифрландыруға көңіл бөлінуде. Цифрлықнұсқаға түсіру бойынша: «Музеолог» бағдарламасы жәнереестрлау жобасы жұмыс істеуде. Музей мен музей жәдігерлерін насихаттауға арналған шаралар мемлекеттікмекемелер мен шығармашылық өкілдерімен тығызбайланыста өткізіледі. Мұражай кешенінің қонақтарының бас болып Елбасы Н.Ә.Назарбаев, Вице - президент Е.М.Асанбаев, С.В.Терещенко, У.М.Сұлтанғазин, әртүрліжылдары мемлекет , қоғам қайраткерлері: Әбіш Кекілбаев, Қуаныш Сұлтанов, Кенжеғали Сағадиев, Ғалым Байназаров, Қойшығара Салғарин, Фариза Оңғарсынова, СапарЫсқақов, Төлен Әбдік болды. Музейге жастар тартуға көпкөңіл бөлінеді, әртүрлі зияткерлік ойындар, семинар, форумдар өткізіледі. Ауданның ірі шаралары кешенқорынан алынып, фотосуреттермен безендіріледі. Кешенқорында тұлғалардың сирек кездесетін кітабы, тұтынғанзаттары, жеке автордың қолтаңбалары бар коллекцияларысақталған. Кешен БАҚ – пен белсенді қарым қатынаста, газет беттеріне мақалалар жарияланып, облыстық, республикалық телеарнаға сұхбат беріліп, бейне фильм дертүсіп тұрады. Кешен қызметкерлері облыстық, республикалық, халықаралық конференцияныңмінбелерінде сөйлеп, жиындарға қатысып тұрады. Кешенніңұйымдастыруымен 2017 2018 республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырды. Барлық конференция қатынасушылары мен қонақтары аталғаншараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. 2020 жылыелімізге төнген індет салдарынан музей жұмысы онлайн түрге көшіріліп, жалпы алғанда цифрландыруға көшірілді. Онлайн форматта жұмыс істеу барысында әлеуметтік желілерде ресми парақшалары ашылып, көрерменге жол тартты. Фейсбук, инстаграм, вконтакте, т.б әлеуметтік желілерде музей жұмыстары көрсетіле бастады. Осы жылы Алаш қайраткері М.Дулатұлының 135 жылдығына орай көрме жұмыстары ұйымдастырылып, Қазақстанның өзге қалаларына көрме шығарылды. 2021 жылы Ұстазы, ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай онлайн түрде бір жылдық цикл жүргізілді. Онда Ы.Алтынсарин туралы онлайн форматта көрме, фотосурет, лекция, семинар ұйымдастырды. 2022 жылы Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай кешенге қарасты Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінің экспозициясы жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сол жылы ашылып, көрерменге жаңа лепте көрсете бастады. Осы жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай республикалық конференция ұйымдастырып, көрермен ықыласына ие болды. 2023 жылы Жангелдин ауданының 95 жылдық мерейтойына орай облыстық конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Торғай қаласының 155 жылдығы, Шақшақ Жәнібек тарханның 330 жылдығы, Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығы, Қайнекей Жармағанбетовтың 105 жылдығы, Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығы, Болат Хамзиннің 85 жылдық мерейтойлары атап өтіліп, олардың қордағы жәдігерлерінен онлайн және оффлайн түрде көрме ұйымдастырылды. 2024 жылы Ыбырай Алтынсарин ашқан Торғайдағы тұңғыш мектебіне 160 жыл толуына орай Торғайдағы тұңғыш мектеп акция цикл жүріп жатыр. Ол туралы лекция, музей сабақтары ұйымдастырылып, мектеп оқушалыран насихатталып жатыр. Жыл сайын кешенге көрермендер саны - 43521, іс - шараға - 6723 адам қатысуда.
https://muzei-torgai.kz/m-razhaj-turaly/keshen-turaly-a-parat.html#sigFreeId4b85fbd455