Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Көрмелер

25-қараша Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының туған күніне орай ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанаты.


Алаш ардақтысы, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 140- жылдығына арналған “Торғайдың “Жангелдин мұражайлар кешені” ұйымдастыруымен «ҰЛТЫН ОЯТҚАН ТҰЛҒА» атты көрмесінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Шақырылған құрметті қонақтар мен жас буын өкілдері рухани байып Міржақып Дулатұлының өмір жолы туралы мағлұмат алып қайтты. Қостанай қаласында атаулы көрме 1 ай бойы тұратыны хабарланады.

Бұл көрме Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық жолына арналғанын атап өтеміз.


29 қазан күні Қостанай қаласындаМіржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай өткен "Міржақып Дулатұлына 140 жыл:

«ӨМІРІ ЖӘНЕ ӨНЕГЕЛІ МҰРАСЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Торғай Торғайдың Жангелдин Мұражайлар Кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы жылжымалы көрмемен қатысып қайтты.


Бүгін, 9 қазан күні көрікті Көкшетауда алаш арысы, ағартушы, қоғам қайраткері, ақын Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Міржақып мұрасы – Алаш аманаты» атты жылжымалы көрме Мәлік Ғабдуллин музейінде ашылды.

Көрме Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» қорынан жинақталған құнды жәдігерлерге негізделген. Міржақып Дулатұлына қатысты 120-дан аса мұраның 70-ке жуығы көрермен назарына ұсынылды. Олардың ішінде ақынның жеке заттары, фотосуреттері, құжаттары, қолжазбалары мен кітаптары, сондай-ақ қызы Гүлнар апайдың қолданған бұйымдары бар.

Салтанатты ашылуда жазушы-драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев сөз сөйлеп, Торғай музейінің директоры Гүлбану Сәрсекейге алғыс білдіріп, облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Айтыскер ақын Берденбек Мырзат көрермендерге арнау арнады.

Іс-шараға қатысқан өңірдің мәдениет және білім саласының өкілдері көрменің тарихи және тәрбиелік маңызын атап өтті. Дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов «Қайда едің» әнін орындап, көрменің рухын аша түсті.

Көрме Торғай мен Көкшетау музейлерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі болып, қос өңір арасындағы мәдени байланыстардың жалғасы ретінде өтті.

Осы күні Гүлбану Сәрсекей мен Мұхамед Мерекеұлы «Көкше нұры» бағдарламасында қонақта болып, көрменің мазмұны жайлы әңгімеледі.

Торғайлық әріптестерге осындай мазмұнды көрме ұйымдастырғаны үшін ризашылық білдірілді. Міржақып Дулатұлының мұрасы ұлт рухын жаңғыртатын асыл қазына ретінде дәріптеліп, насихаттала бермек.


5 қыркүйек күні Астана қаласындағы Esil university-да өткен конференцияға Торғай мұражайлар кешені Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының тұтынған заттары мен құнды жәдігерлерден көшпелі көрме ұйымдастырылды.

Көшпелі көрмені музей басшысы Гүлбану Құлетқызы таныстырды. Осы конференцияда музей басшысы баяндама оқыды.

Көрмені тамашалуға конференцияға қатысушылар мен студенттер қатысты.


Амангелді ауданында Сұлтан Байбарыс ескерткішінің және Ұлттық жады қабырғасының ашылу салтанатына орай Қостанай облысы музейлерінің "Тобыл-Торғай өңірінің тұлғалары" көрмесіне Торғайдың Жангелдин Мұражайлар Кешені музей қорынан жәдігерлер ұсынылды.

 

Амангелді ауданында орналасқан Тобыл -Торғай өңірінің көрмесі
Выставка Тобол-Торгайского региона, расположенная в Амангельдинском районе


25 қазан Республика күніне арналған "ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН" атты көрменің ашылу салтанаты.


28 шілде күні Семей қаласында орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейінде  ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі Амангелді Үдербайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған " Халық батыры" атты Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің, Амангелді ауданындағы А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейнің және Жангелдин ауданындағы Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені қорынан жасақталған көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмені тамашалауға  Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, ғалымдар, студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Аталмыш көрме Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 тамызға дейін жалғасады.


6 - шілде Астана күні. Астана күні – жалпыхалықтық мереке.
Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Астана күні құтты болсын!
Мерекеге орай Торғай мұражайлар кешені “Астана қазақ елінің Астанасы” тақырыбында көрме көрермен назарына ұсынды.

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын - сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

Анықтама мәліметтеріне сүйенсек, 1921 мен 1954 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында сотталған адамдардың саны 3 млн 777 мың адамға жеткен. Олардың ішінде 642 мың адам өлім жазасына кесілген. Қазақстанда осы уақыт ішінде 103 мың адам саяси қуғын - сүргінге ұшырап, 25 мың адам атылған.

Тарихымызда қасірет пен қанды өксіктің жылдары боп қалған 31 мен 37 жылдардың әділетсіздігі, зорлық-зомбылығы, өртеніп аққан жасындай өмірдің көз жасы, шындықтың шырқырауы – міне, отаршылдық тепкі мен ұлттық езгінің «жауабы» осындай. Сол кездегі аласапыран заманның көкжал толқының тұла бойыңмен сезіну үшін олардың артында қалған қара сөзін оқудың өзі жетіп жатыр.

Сонау 1937 - 38 жылдар қанды қырғын кезеңі деп аталатыны белгілі. Себебі, сол бір сүрең жылдары «ұлтшыл» деген айыппен Ахмет, Сәкен, Мағжан сынды біртуар азаматтар қыршын кеткен болатын.

Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы әдеби музейінің алдында орналасқан қуғын – сүргін заманының тарихта өшпес аты алған қазақтың алаш айбындыларының рухына тағзым етіліп, құран бағыштап гүл шоқтары қойылды. Қуғын - сүргін ұрпақтары сөз сөйлеп, еске алды. Торғай мұражайлар кешені қызметкерлері “Дәуірде ізі қалған тұлғалар” тақырыбында көрме көрермен назарына ұсынылды.


Бүгін 21 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын аудан орталығында тойлауда Торғай мұражайлар кешені қорындағы және ақ жаулықты аналарымыздың жеке қорларындағы қазақтың зергерлік бұйымдарынан көрме шығарды.


20 желтоқсан күні, ақын жазушылардың, драматургтер мен балалар авторларын қолдау мақсатында "AMANAT" партиясының бастамасымен жыл сайынғы республикалық "Ұлы дала" шығармашылық байқауы өтті. Биылғы байқауда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай арнайы сыйлықтар тағайындалған. Сонымен қатар "Алаш аманаты" арнайы сыйлығы да табысталды. Осы байқауға " Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш тарихы" тақырыбында жылжымалы көрмесімен "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" КММ-нің басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысты.


2022 жылдың 9 желтоқсан  күні Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық музей қорығымен бірлескен «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш тарихы» атты көшпелі көрмеге Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ-сінің “ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН- ҰЛЫ ТҰЛҒА” тақырыбында көрменің ашылуы өтті.

 


15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай музейде "Еліміздің темірғазығы- теңге" тақырыбында көрме шығарылды.


31 мамыр күні Қостанай қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне арналған іс-шарада музей қызметкерлері ұлттық әшекей бұйымдар көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге жергілікті шебер –ұста Гизатуллин Радик Заурбекұлының қолынан шыққан бұйымдар, Хамзина Гүлзат Болатқызының жинаған коллекциялары мен музей қорынан көне әшекей бұымдар көрермен назарына ұсынылды.

Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен ҚР халықтарының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған XXXV-ші “Өнеріміз саған, Қазақстан!” атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығының байқау-фестиваліне Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына "Ұлт Ұстазы" тақырыбында көрме көрермен назарына ұсынылды.


11 наурыз күні Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған салтанатты іс-шараның ашылуы өткізілді. Іс-шараға ардагерлер, ауыл ақсақалдары, аудан әкімдігі, ұстаздар, оқушылар қатысты.Музей қызметкерлері «Ұлтын ұлықтаған - Ұлы тұлға» атты көрмені көрермен назарына ұсынып, концерттік бағдарлама қойылды.Бағдарлама да Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері оқылып әндері шырқалды.


Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуы осы жылдың 25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық конференциямен бастау алды. Бүгін 28 ақпан күні А. Байтұрсынұлының 150 жылдығын Қостанай облысында ашылу салтанатына "Торғай мұражайлар кешені" КММ-сі қызметкерлері «Ұлтын ұлықтаған – Ұлы тұлға» көшпелі көрмесімен қатысып, көрермен назарына ұсынды.


Бүгін 25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға, "Торғай мұражайлар кешені" КММ-сі қызметкерлері «Ұлтын ұлықтаған - Ұлы тұлға» атты тақырыпта Ұлт ұстазының өмірі мен еңбек жолы, шығармашылығы, тұтынған заттарына арналған көрмемен қатысты. Көрмені конференция қонақтары тамашалады. Экскурсия жүргізуші басшы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы.