Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Торғай жәрмеңкесі

ТОРҒАЙ ЖӘРМЕҢКЕСІ – 19 ғасырдың ақырында жұмыс істеген сауда орны. Торғай кентінің оңт-батысында, қазіргі Шеген ауылына шығатын жолдың бойында орналасқан. Оны торғайлықтар «Бес татар базары» деп те атаған. Базар жыл сайын сәуір айынан бастап қыркүйек айының ақырына дейін жұмыс істеген. Жәрмеңкенің жылдық қаржы айналымы 1 млн сомдай болған. зерттеуші Я.Я.Палферов 1897 ж  баспадан шыққан «Степные базары» деген еңбегінде мынадай деректер келтіреді: түлкі терісі – 2 сом, қарсақ терісі – 1 сом, қасқыр терісі – 3  сом, борсық терісі – 55 тиын, қоян терісі – 15 тиын, күзен мен зорман терісі – 50-70 тиын. Тірі жылқыны 5-7 сомға, сырды 2-3  сомға сатып алуға болған. 1895 жылғы дерек бойынша Торғай өңірінен 3561 қасқыр, 11261 түлкі, 8842 қарсақ, 16201 күзен мен зорман терісі дайындалған. Осы елден жылына 100 т балық дайындалып, Орынборға жөнелтіліп тұрған. Т.б-на Бұхар, Қоқан мен Хиуа, Атбасар мен аягөзде, Қараөткел, тройцк саудагерлері келіп тұрған.