Ұлытау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы және «М.Төрегелдин атындағы Жезді тау - кен және балқыту ісі тарихы музейі» КҚМК ұйымдастыруымен Мәкен Төрегелдиннің туғанына 100 жыл толуына арналған "Ұлытау – мысты өлке: зерттеу, музейлендіру мәселелері" атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті.
Алқалы жиынға әр тараптан жиналған ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері және Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысты.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeIdfbe8d0ff32
15 маусым күні, Сарысу мектеп лагерінің бүлдіршіндері Торғайға келіп, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин музейін, батыр, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейін аралады. Музейдегі құнды жәдігерлер мен тұлғалардың өмірімен танысты.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId50df6f2aef
14 маусым күні, Арқалық қаласында Ұлт азаттық көтеріліс қолбасшысы Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған “Ерлігі елге өнеге” атты аймақтық конференциясы өтті. Іс-шараға Қостанай облысы оңтүстік аймағы Жангелдин, Амангелді, Наурызым аудандарымен Арқалық қаласының өлкетанушылары, тарихшылары, зиялы қауым өкілдері мен білім саласының тарихшы мамандары қатысты. Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысып, “Тарих.Тағылым.Музей” тақырыбында баяндама жасады.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId8f7c5b28a8
Бүгін саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні.
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын - сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Анықтама мәліметтеріне сүйенсек, 1921 мен 1954 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында сотталған адамдардың саны 3 млн 777 мың адамға жеткен. Олардың ішінде 642 мың адам өлім жазасына кесілген. Қазақстанда осы уақыт ішінде 103 мың адам саяси қуғын - сүргінге ұшырап, 25 мың адам атылған.
Тарихымызда қасірет пен қанды өксіктің жылдары боп қалған 31 мен 37 жылдардың әділетсіздігі, зорлық-зомбылығы, өртеніп аққан жасындай өмірдің көз жасы, шындықтың шырқырауы – міне, отаршылдық тепкі мен ұлттық езгінің «жауабы» осындай. Сол кездегі аласапыран заманның көкжал толқының тұла бойыңмен сезіну үшін олардың артында қалған қара сөзін оқудың өзі жетіп жатыр.
Сонау 1937 - 38 жылдар қанды қырғын кезеңі деп аталатыны белгілі. Себебі, сол бір сүрең жылдары «ұлтшыл» деген айыппен Ахмет, Сәкен, Мағжан сынды біртуар азаматтар қыршын кеткен болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы әдеби музейінің алдында орналасқан қуғын – сүргін заманының тарихта өшпес аты алған қазақтың алаш айбындыларының рухына тағзым етіліп, құран бағыштап гүл шоқтары қойылды. Қуғын - сүргін ұрпақтары сөз сөйлеп, еске алды. Торғай мұражайлар кешені қызметкерлері “Дәуірде ізі қалған тұлғалар” тақырыбында көрме көрермен назарына ұсынылды.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId5022ecd23e
14 сәуір күні, батыр, мәмілергер Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы, ауданның 95 жылдығы, Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Қаратүбек орта мектебінің 4-сынып оқушылары Торғайға келіп, жиһангез, саяхатшы Әліби Жангелдин музейін, XVIII ғ батыры Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, ағартушы Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін аралап, музей сағаты өткізілді.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeIdb86d5ef805
1 маусым - балаларды қорғау күніне орай "Отбасымен музейге" бағдарламасымен мектеп жасына дейінгі балалармен және отбасылық демалыс іс-шарасы өтті.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId99cdf2283f
31 мамыр күні «Дәуірде ізі қалған тұлғалар» тақырыбында көрме және «Қанмен жазылған хат» тақырыбында деректі фильм ұйымдастырылып, келуші көрермен назарына ұсынылды.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId2a6895cb7d
30 мамыр күні Білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қостанай облысының музыка, көркем еңбек және көркем эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтерінің съезі өтті. Қостанай облысының әр аумағынан келген ұстаздар ел тарихымен танысып, музей аралады.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId2242fa3937
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeIdfe47771892
Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, "Қоғамдық келісім" РММ ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Саяси қуғын- сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман " атты форумы Арқалық қаласында өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар және Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысып, Ахмет Байтұрсынұлы- Ұлттың ұлы ұстазы панельдік сессиясында "Ахмет Байтұрсынұлының мұралары" тақырыбында баяндама жасады.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId3291d786c5
27 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Саяси құрбандар" атты тақырыптық экскурсия жасалды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Осылайша «халық жаулары», «ұлтшылдар», «исламшылар», «түркішілдер», «жапония тыңшылары» және т.б. желеулермен қазақтың бас көтерген зиялыларынан бастап, қарапайым еңбек адамдары да жазықсыз саясаттың құрбандығына шалынды. Тіпті, Л.И.Мирзоян Сталиннің бұйрығымен жазықсыз атылғандар санын қолдан мейлінше арттыруға тырысты. 118 мың адам жазықсыз тұтқындалып оның 25 мыңы атылды. Қазақ зиялыларының әйелдері де бұл жазадан тыс қалмады. Күйеуінен бас тартпаған әйелдерді қамады. Бұл лагерь «Алжир» деген атпен тарих беттерінде қалды.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeId04302515aa
Бүгін "Топжарған" спорт кешенінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-ның чемпионы, спорт шебері, ұлағатты ұстаз, спорт ардагері Айтмағанбетов Әбдібек Айтмағанбетұлын еске алуға арналған II- облыстық туриниріне келген Қостанай облысының спортшылары ел тарихымен танысып, музей аралады.
https://muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2.html#sigFreeIdb97954db9d