Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

"Ахаң жүріп өткін жолмен..." экспедиция мүшелері Ахмет Байтұрсынұлымен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралап, естелік сыйлықтарын табыстады

Бүгін, 16 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласынан "Ахаң жүріп өткін жолмен..." экспедиция мүшелері Ахмет Байтұрсынұлымен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралап, естелік сыйлықтарын табыстады.

"Ахаң жүріп өткін жолмен..." экспедиция  Қостанай, Арқалық, Бидайық, Торғай еліне келіп табан тіреді.

Экспедициясының мақсаты – Ахаңнан қалған мол мұраны зерттеп жүрген ғалымдардың жаңа деректерін көпшілікке таныстыру, насихаттау.

Экспедиция құрамында Жандос Қожахметұлы, Жантас Алтайұлы, Ұлан Оралұлы, Бекжан Әбдуәлиұлы сынды ғалымдар мен Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ ұйымдастыру және кадр бөлімінің басшысы Болат Жексенғали, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» қоғамының басқарма басшысы Дәулеткерей Құсайынов, Ербол Тілешов, алашқа белгілі ақын, сценарист Ұларбек Нұрғалым бар. Экспедиция мүшелері. Әулиекөл, Қостанай, Арқалық, Бидайық, Торғай, Ахмет Байтұрсынұлы ауылына барып, ғылыми-танымдық іс-шаралар өткізеді. Кейін ғалымдардың баяндамалары жинаққа басылып, оқу орындарының кітапханалары мен ғылыми орталықтарға табысталады.

Ғибраты мол ғылыми танымдық сапарды елорда әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырып отыр. Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде зиялы қауым, ұстаздар, қызметкерлермен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы жүргізді.

"Ахаң жүріп өткін жолмен..." экспедиция  Торғайдан  шығып Ахмет Байтұрсынұлының туған жері Ақкөлге аттанды.

#АхметБайтұрсынұлы150жыл