Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

17 қыркүйек күні ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл

Соған орай  Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушылары Торғай еліне келіп, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіндегі ақын Сырбай Мәуленовтың экспозициямен танысып, музей сағаты өтті. Оқушылар ақынның шығармаларын жатқа айтып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қоса оқушылар жиһангез,саяхатшы Әліби Жангелдин Тоғжанұлы мемориалды  музейін, халық ақыны Нұрхан Ахметбеков музей-үйін, XVIII ғасыр батыры Шақшақ Жәнібек тарихи музейін, Қос арыстарымыз Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейлерін аралап, құнды мәліметтермен танысты.