Бүгін, 21 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Қостанай облысы əкімдігі Мəдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынұлы мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел зум платформасы арқылы өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар тарихшылар, филологтар, өлкетанушылар, архив, музейлердің, мəдениет жəне білім беру
мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым жəне лингвист Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми жəне рухани мұрасын
насихаттау. Дөңгелек үстел конференция барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорлары Серікбай, Мырзағалиева Күлзада, журналист, ахметтанушы, «Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясының мүшесі Ағытай Ибраһим, Мауданов Абылай Фазылханұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы музейінің басшысы Жақып Қалқаман Хасенұлы, ақын, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, филология ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Əбсадық Алмасбек Ахметұлы, Астана халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Өскембаев Қанат Сəдуақасұлы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі жетекшісі, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, Əбділда Тəжібаев атындағы Қызылорда облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Серікбаева Ақмарал Əлімбекқызы, Абылай хан резиденциясы музей кешенінің Тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Əлімжанов Асылан Қайдарұлы, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Оташева Нəзима Қуанышбайқызы, Торғай мұражайлар кешені басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы баяндама оқып, ойларын ортаға салды.
#АхметБайтұрсынұлы150жыл
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1016-a-bajt-rsyn-ly-m-rasy-rpa-a-la-at-ta-yrybynda-y-respublikaly-d-gelek-stel-zum-platformasy-ar-yly-tti.html#sigFreeId9d4647c50b