1 қазан күні Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы тойланды. Бастамасы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінің алдындағы Қос арысқа арналған ескерткіштің және ағымдағы жөндеу және реэкспозициядан өткен Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінің ашылу салтанатымен басталды. Ескерткішті ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлы салтанатты түрде ашты. Ашылу салтанатына
Қостанай облысы әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов, тілші, ғалым, филология ғылымдарының докторы Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы, Қостанай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Мықансалықұлы Ахметов, меценат, "Тілеп' қайырымдылық қорының президенті Ысқақов Сапар Ысқақұлы қатысты. Сонымен қатар Торғай еліне келген құрметті қонақтар, ел ағалары, Республикалық, облыстық БАҚ қызметкерлері, мекеме басшылары, аудан тұрғындары ашылу салтанатының куәгері болды. Салтанаттың жалғасы музей тамашалаумен жалғасты. Барша қонақтарды және тұрғындарды музей тамашалауға шақырамыз! #АхметБайтұрсынұлы150жыл
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1020-1-azan-k-ni-lt-stazy-akhmet-bajt-rsyn-lyny-150-zhyldy-merejtojy-tojlandy.html#sigFreeIdf754a64b92