Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 7 қазан, қаржыгер, банк саласының ардагері Кеңесбек Мәулетовтың туған күні. Мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз
Бүгін 7 қазан, қаржыгер, банк саласының ардагері Кеңесбек Мәулетовтың туған күні. Мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз
МӘУЛЕТОВ КЕҢЕСБЕК – 7.10.1938 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданының Шилі ауылында дүниеге келді. 1957 ж. Ақшығанақтағы орта мектептен кейін, 1959 ж. Алматыдағы банкінің «есеп-кредит» техникумын үздік бітіріп, кредит инспекторы деген мамандықты алып, зейнеткерлікке шыққанша, бүкіл саналы ғұмырын банк ісіне арнады. Алғашқы еңбек жолын, ол кезде Қостанайдың солтүстігінде Пресногорьков ауданы болатын, сондағы мемлекеттік банкінің бөлімшесінде,- инспекторлық жұмыстан бастады. Бір жылдан кейін туған жері-Торғайға, сондағы банк бөлімшесіндегі аға инспекторлық қызметіне ауысты. 1960-1965 жж. Алматының Халық шарушылық инстиутының қаржы және кредит факультетінде сырттай оқып, экономист мамандығын алды. Зейнеткерлікке шыққаннан бері ғылыммен айналысып, алдымен Қостанайдың мемлекеттік университетінде, кейін 2005 жылдан бері Астанадағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде доцент болып, жастарды банк ісіне тәрбиелеуге ат салысты. «Банк ісі», «Коммерциялық банктегі қаржылық талдау» атты орысша, қазақша дәрістік курстары – кітаптарының авторы.