АЛБАРБӨГЕТ (АЙСА БӨГЕТІ)
Нысанның атауы: Албарбөгет (Айсабөгеті)
Нысанның орналасқан жері: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қабырға өзенінің алқабы.
Қысқаша анықтама: Ел қамын ертеден ойлаған Торғайдың тұңғыш гидротехнигі Айса Нұрманұлының басшылығымен Қабырға өзенінің алқабында орнатылған. Құрылысы қол күшімен 1924 жылы басталып, 1926 жылы аяқталды. Жалпы ұзындығы 17 шақырым.
Аңыздар, тарихи мәліметтер: Жүйенің көптеген қосымша бөгендері 3 мың гектар шабындықты суландырып, кейін «Еңбек», «Қызыләскер» кеңшарларының аумағына енген бес ұжымшардың малын құнарлы пішенмен алпыс жыл бойы тұрақты қамтамасыз етті.
Бөгет 55-60 миллион текше метр суды ұстап тұрады. Кеңес Одағы жылдары Албарбөгеттің батыс жағы алты кеңшарды, Көкалат, Аралбай, Шеген, Ақшығанақ, Торғай ауылын сумен қамтамасыз етті. Ал шығыс жағы Амангелді ауданындағы Крупская атындағы кеңшарды және Қабырға ауылын, Үрпек ауылын, Қараторғай, Сары-торғай шаруашылықтарын сулы етті. Көк¬темде өзен тасып, шабындық пен жайылымдардың шөбінің өсуіне қолайлы. Албарбөгетке пайдаланылған бөренелерді 400 шақырымдағы Аманқарағайдан түйе керуенімен тасымалдаған. Су екпіні топырақты жырып кетпеу үшін шыбықтан шыпта тоқылып, бөгеттің жел жақ бетін топырақ салынған қапшықтар үйілді. Қысқасы, Қабырға өзенін бөгеген ұзындығы 17 шақырым болатын бөгет бір техникасыз, адамдардың таза қол күшімен салынды.
Екі болыстың адамдары екі жыл бойы жаз шыққаннан мұз қатқанша осында топырақ тасып, жұмыс істеді.
Тарихын тағылым деп білетін Торғайхалқы осы бөгеттің салынуына160-қа жуық адам қатысқан.
Ел ішінде жобаның авторы әрі құрылысын жүргізуші Айса Нұрмановтың есімімен «Айса бөгеті» деп те атайды.
2007 жылы тұрғындардың өтінішімен бөгетті қайта қалпына келтіруге мемлекеттік бюджеттен73 млн теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.2014 жылы иесіз қалған Албарбөгет жанашырларының шырылдауымен Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетінің балансына өтті.