Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

ҚАЗЫБАЙ ӘУЛИЕ АҚПАНҰЛЫ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

ҚАЗЫБАЙ ӘУЛИЕ АҚПАНҰЛЫ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Нысанның атауы: Қазыбай әулие Ақпанұлы жерленген жері
Нысанның орналасқан жері: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,  Аралбай ауылы.
Қысқаша анықтама: Қазыбай  әулие кесенесі Аралбай  ауылының  аумағында  орналасқан.Қитаба қыпшақ Қазыбай әулие  Ақпанұлы  шамамен, ХVІІ ғасырдың соңғы  ширегінде  өмір сүрген. Қойшығара Салғарин келтірген мәліметтер бойынша Қазыбай бабамыз осы Торғай өңірінде, қазіргі Аққұм жерінде 1664 жылы дүниеге келіп, 78 жасында өмірден өткен. Әулие  жол бойындағы   «Баянтанат» жерінде дүниеден өткен, ел ішінде сол жер  «Қазыбай қорымы» аталып кеткен. 
Аңыздар, тарихи мәліметтер: Қазыбайдан  он бір ұрпақ тарап, сонша ауыл болып өскен. Қайсы  бірі жеке ру атағына  ие болған. Қазыбай білімді, еліне қамқор, болашақты болжай білетін әулие кісі болған.  Осы кезең  Қыпшақ  Қитаба жеті  арыс кіші руларға  жетіп  Торғай-Жыланшық  өзендері  бойының  шұрайлы жерлерін мекен еткен.
Қитабаның Қазыбайы ел қамқоршысы, ақылман, алдағы күнді болжағыш жан болғанын мына бір жайттан да байқауға болады: Бір жолы көш "Баян-Таңат" руы ауылының үстінен өтіп бара жатқанда, Қазыбай сырқаттанып, көшін тоқтатуға бұйрық береді. Туыстарын жиғызып: – Мен бір-екі күнде дүние саламын. Сүйегімді осы жерге қойыңдар, – дейді. Туыстары "бұнысы несі" деп абдырап қалады. – Сіз атақ-абыройы бар кісісіз. Ал, мына қорымда бүкіл маңайға әйгілі Әулие қыз жерленген. Ертең атыңыз аталмай қалады ғой, – депті шыр-пыр боп туыстары. Сонда терең тыныстап алып Қазыбай: – Оған уайым жеп қайтесіңдер! Кімнің әулиелігі басым болса, соның аты аталады, – депті. Ақыры сол қорым "Қазыбай қорымы" аталып, сол жерге Алладан тілек тілеп келген науқас адамдар түнеп, жазылатын болыпты. Тіпті, топалаң, қарасан тиіп індетпен келген малды да осы қорымда аластапты. Қорым басына  ауру жандар  түнейді, ауруынан  айығады.