Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

ҚОБЫЗШЫ ТІЛЕП АСПАНТАЙҰЛЫНЫҢ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

 

 

ҚОБЫЗШЫ ТІЛЕП АСПАНТАЙҰЛЫНЫҢ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Нысанның атауы: Қобызшы Тілеп Аспантайұлының жерленген жері

Нысанның орналаскан  жері: Қостанай облысы,  Жангелдин ауданы, Қалам-Қарасу ауылдық округі, Шоқыркөл ауылынан 12 шақырым жерде.
Қысқаша анықтама: Жангелдин ауданы Қарасу округінің Шоқыркөл мекенінен 12 шақырым жерде атақты кобызшы және емші Тілеп Аспантайұлының бейіті орналасқан. Әлі күнге дейін сырқат және баласы жоқ адамдар қабір басына зиярат етіп, түнейді. 
Аңыздар, тарихи мәліметтер: Тілеп Аспантайұлы (1757-1820) Торғайдың маңайында дүниеге келген. 13 жасында ол қобызда ойнай бастады. Қазақтың музыка өнеріне зор үлес қосты. Бізге дейін автордың бар болғаны үш күйі ғана сақталған, олар музыкалық мұраның алтын қорына енген. Қазір оларды әр түрлі сайыстарда орындайды. «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлерін шығарды. «Бақсы» күйі  ҚР мәдени алтын қорына енген. Тілептің  мұрасын насихаттап жүрген Қазақ Ұлттық Саз Академиясы студенттері ұйымдастырған «Тілеп» халық аспаптар ансамблі 2004 жылы Мәскеуде  Владимир Спиваков атындағы халықаралық қайырымдылық  қоры ұйымдастырған байқаудың лауреаты атанды.Халық арасында Тілеп Аспантайұлы халық емшісі, көріпкел ретінде де танымал болды. Адамдарды емдеген қасиетті қара қобыз ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.Баласыз, науқас жандар зиратының басына түнеп, бата алуға барады.
Тілеп Аспантайұлы  атақты бақсы Қойлыбайдан бата алған жан. «Бақсы» күйі пайда болған туралы аңыз Несіпбек Айтұлының «Тілеп пен Сарықыз» поэмасында жазылып,сонымен қатар Тілеп атты жас жігіттің айрықша тағдыры туралы осы аттас драма құрылған. Иен далада тұңғыш рет бақсыны кездестірген Тілеп сиқырлы қобыз үнінің адам жанын емдеп жазған құдіреттілігінің куәсі болады. Сөйтіп, бақсымен және оның қызы Сарықызбен бірге қалып, қобыз тартуды үйренуге бел байлайды. Сол арқылы өзі де адамдар жүрегіне жақсылық сыйлауға ұмтылады. Әкесі Аспантай әскерімен туған жерін тастап кетпек болғанда, ше¬шімін өзгертпей, қарт бақсының өнерін меңгеруге тырысады. Арада жылдар өтіп, Тілеп пен Сарықыздың арасындағы бала күнгі достық нағыз махаббатқа айналады. Жігіт те өз бетінше ем-дом жасайтындай дәрежеге жетіп, ұстазынан жеке бөлініп шығады. Бірін-бірі қимай қоштасқан қос ғашық ұзақ уақыт бірін-бірі көре алмайды. Тілеп әкесімен бірге алыс жолға аттанады. Үлкен шайқастардың бірінде Қараңғылық күштері жеңіп, Жарық әскері жеңіледі. Бақсы қаза табады. Жігіт әскерилерді қобыздың үнімен жандандырып, оларға қайта күш-қуат береді. Содан кейін жетім қалған Сарықызды іздестіруге шығады. Сүйіктісімен мәңгі бірге болғысы келеді. Өкінішке қарай, зұлым күштер бозбала мен бойжеткенді екі айырады. Жалғыз қалған Тілеп тек қана қобыздың әуенімен жұбанады. Қасиеттіқобыздыңүніменғашығынқайтатірілтеді.