МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ
Нысан атауы: Міржақып Дулатовтың кесенесі
Нысанның орналасқан жері: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылдық округі, Бидайық ауылы
Қысқаша анықтама: 1992 жылдың қазан айында Міржақып Дулатовтыңсүйегі еліне жеткізіліп,Қызбел ауылдық округінің Бидайық ауылында қайта жерленді жәнекесене орнатылды.
Аңыздар, тарихи мәліметтер: Міржақып Дулатов 1885 жылдың 25 қарашасында бұрынғы Торғай уезі Сарықопа болысы Қызбел ауылында дүниеге келген. Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1909 жылы Петербургте қазақ қоғамындағы түрлі топтардың бәрінің көңілінен шыққан М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көрді. "Бақытсыз Жамал" - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман. 1920-1930 жылдары М.Дулатұлы «Ақ жол», «Еңбекші қазақ»газеттерінің, «Қызыл Қазақстан» журналының редакцияларында еңбек етті,аудармашылық қызметпен айналысты.Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі.
1928 жылдың аяғында қамауға алынып, 1930 жылы оған ату жазасын берді, бірақ кейін 10 жылға лагерге ауыстырды.1935 жылдың 5 қазанында қайтыс болып, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында еріктілер зиратына жерленген. 1988 жылы қарашада Міржақып Дулатов ақталды.