Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

САРЫТҮБЕК АУЫЛЫ (АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУҒАН ЖЕРІ)

 

САРЫТҮБЕК АУЫЛЫ (АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУҒАН ЖЕРІ)

Нысанның атауы: Сарытүбек ауылы (Ахмет Байтұрсыновтың туған жері)

Нысанның орналасқан  жері: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылына жақын тұста
Қысқаша анықтама: Жангелдин ауданы Ақкөл ауылына жақын тұста қазақ халқының қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов әулетінің  үлкен қорымы бар. Осы жерде Ахметтің әкесі Байтұрсын, ағалары Қали мен Машен жерленген.
Аңыздар, тарихи мәліметтер: Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тарихында алар орны ерекше. Ол қазақ қоғамындағы жоғары сауатты, санаулы азаматтардың бірі болған. «Алаш орда» қозғалысының саяси жетекшісі Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен қайраткер. Қазақ халқының жеке, дербес мемлекет болуы үшін кеңес заманында қудалауға түсіп, бірнеше рет абақтыға қамалған. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын жазушылар «1885 жылы Қарғалы деп аталатын жерде Шошақұлы Байтұрсын намысына тигені үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті ұрады. Сол жылы ояз Яковлев «Байтұрсын мен оның ағасы Ақтасты, інісі Сабалақты 15 жылға Сібірге айдады»деп жазады.
Байтұрсынның ағасы Ақтастың немересі Амандықтың айтуы бойынша болыстыққа Байтұрсынның ағасы Ақтас та үміткер болған екен.Содан болыстыққа сайлау өтіп жатқан жиында Торғай уезінің бастығы Яковлевтен Байтұрсын сайлаудың «ешкімге бұрмай әділ өтілуін» талап етіпті. Сол үшін ояз бастығы Яковлев Байтұрсынды жерден алып, жерге салып, боқтық сөзбен тілдепті. «Бұрынғы аталарымыздың айтуы бойынша Сабалақ (Данияр) қызба, дөң мінезділеу болыпты» дейді Амандық, Содан ағасы Байтұрсынды тілдегені үшін Сабалақ сол жерде жиналып тұрған ағайындарының арасынан атымен тебініп шығып, ояз Яковлевті қамшымен тартып жіберіпті. Сол жерде Яковлев ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Сабалақты қасындағы атты казактарына ұстатып, түрмеге жауыпты. Шамалыдан соң, сот үкімі шығып, ағайындыларды 15 жылға Сібірге айдап жібереді. Сотталғандармен бірге Ақтастың бәйбішесі Үбіжан бірге еріп, сонау Колыманың лагерінде бірге болған. Сабалақ жолда солдаттардың оғынан өліп, Үбіжан бірнеше жылдан кейін, Якутияда ауырып, қайтыс болған екен. 
Сол кезде сонау Сібірдің түкпіріндегі Колымада 17 жыл отырып, одан тірі оралған қазақ оған болмаған еді. Колымада он жетіжылотырып, Ақтас пен Байтұрсын 1902жылыелгеоралыпты. Солкездеақ, қазақеліне «Ояздыұрып, сотталған» дегенатымәлімболғанАқтас пен БайтұрсындыШығысҚазақстанныңшетіндегіқазақауылдарықұшақжайыпқарсыалып, қонақасыберіп, елдерінежеткеншеқұрметтегенекен.Олар елдің құрметін көріп, туған ауылдарына бір жарым жыл жүріп жеткен екен. Ақтас пен Байтұрсын Торғайға келгенде ел жақсы қарсы алып, кейбір болыстықтардан Ақтас пен Байтұрсынға жүйрік ат сыйлап, құрметтепті. Сол жүйріктердің бірі Байтұрсынға сыйлаған Ақжелең атты тұлпар екен. Ол Торғайда өткен талай ат жарысында бәйге алыпты. Ахаңның әкесі Байтұрсын 1909 жылы дүниеден өткенде Қарпық жырау үлкен жоқтау шығарыпты. Ол жоқтау бертінге дейін ел арасында айтылып, жоғалса керек. Байтұрсын қайтыс болғанда үмбетейлер үлкен ас беріп, атқаты Ақжелең жүйрікті «Байтұрсыннан артық па» деп құрбан шалған екен. Ахаңның анасы Күңші бұ дүниеден 1919 жылы өтіпті. Күңшіні жерлеген кезде оның өсірген түйесі бейіттің басында тізерлеп жатып алған, түйенің көздерінен аққанжасты көрген жұрт бірге жылаған екен. Ақтас сексенге келіп, 1920жылы қайтыс болыпты.
Байтұрсынның Қали, Кәкіш, Ахмет, Мәшен атты төрт ұлы, Жиляш атты бір қызы болған.
Ахмет Байтұрсынов лагерьге қамалар алдында өзіне жақын, қымбат адамдардың жерленген орындарын аралаған, қорымға барып, әкесі мен бауырларының аруақтарына құран оқытып шыққан екен.  
Апталдай азамат 1937 жылы ГУЛАГ лагерлерінің бірінде азапқа шыдамай мерт болады.
Ахаң тіл ғылымындағы, әдебиеттегі, этнография саласындағы алапат еңбектері, саясаттағы қазақ халқының келешегі үшін жасаған жанкештілік қызметтері даңқ, атақ үшін емес, ұлтының қамы, болашағы үшін жасаған қызметтері еді. Сондықтан халық қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне байланысты жерлерді, Ахметті дүниеге әкелген әкесі, туған-туысқандарының тарихынзерттеп, зерделеп жүруі керек.