ТАТЫР ШАЙҚАСЫ БОЛҒАН ЖЕР
Нысанның атауы: Татыр шайқасы болған жер
Нысанның орналаскан жері: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Арқалық-Торғай автомобиль жолы бойында, Тәуішауылынан 3 шақырым жерде
Қысқаша анықтама: Арқалық - Торғай автомобиль жолынан жарты шақырымда, Тәуіш ауылынан 3 шақырым жерде ескерткіш орнатылған. Ескерткіштен Татыр көлінің жағасында өткен шайқастың жылы «1916» сандары жақсы көрінеді.
Аңыздар, тарихи мәліметтер: 1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Амангелді Иманов бастаған сарбаздар Торғайдан шыққан патшаның жазалаушы әскерін осы «Татыр» көлінің жағасында қалың қамысқа жасырынып күтіп, әскер алаңсыз жақындап келгенде тұтқиылдан шабуылдап жазалаушы әскерді талқандап жеңген. Осы қанды шайқас «Татыр соғысы» деп көтеріліс тарихына енді. Жердің қолайлығы қалың өскен қамыс, жолдың жақын өтуі, көтерілісшілерге жақсы жағдай туғызды. Осы жол бойындағы ескерткіш кешегі 1916 жылғы ұлт-азаттық үшін қаны төгілген сарбаздар рухына арналған.