Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Әйел әшекейлерінің ішінде ертеден келе жатқан және күні бүгінге дейін кең қолданылатын әсемдік бұйым – қос білезік.
Әйел әшекейлерінің ішінде ертеден келе жатқан және күні бүгінге дейін кең қолданылатын әсемдік бұйым – қос білезік. ҚОС БІЛЕЗІК -1870 жылғы. Музей қорына 20 наурыз 1989 жылы алынды. ДИММ-КП № 585 Акт № 106 номерімен тіркелген. Диаметры 6 см. Ғасырдан астам тарихы бар бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында. Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, қарта білезік, қақпақ білезік, бес білезік, сағат білезік деп әр түрлі атайды. Олардың ішінде алтын, күміс, нәзік шынжырмен шымдалып жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Зергерлер білезіктерге неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбінесе күмістен соғылады. КҮМІС СЫРҒА - құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым 1950 жылғы . Музей қорына 27.12.2008 жылы алынды. ДИММ-КП № 1950 номерімен тіркелген. Құлақшасы қапсырмалы, ойылып қазақы ою-өрнек салынған . Сырғаның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Қазақ зергерлерінің сүйікті материалы күміс болды. Зергерлік бұйымдары жөнінде сөз бола қалса, бәрінен бұрын, олар қаншалықты сәнді болса, соншалықты жаман нәрселерден қорғау қасиетіне ие болып, сондай мәніне қарай олардың қалып мен ою-өрнек алғанын, жасалынатын материалының да түрліше болғанын ескерген жөн. Күмістің жылтылы мен түсі айға, айдың жарығына баланды. Баланы шомылдырғанда суға күміс теңге мен күміс сақина тастап, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деуі тегіннен-тегін емес.