Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қазақта «Ер қаруы бес қару» деген сөз бар.
Қазақта «Ер қаруы бес қару» деген сөз бар. Бұл бес қаруға қазақ садақты, мылтықты, найзаны, қылышты, айбалтаны жатқызады. Аталған қарулар ішінен мылтықтың артықшылығы жоғары. Мылтық– оқ-дәрімен атылатын қару. Аңшылық кезінде және соғыста қолдану үшін жасалған. 14 – 15 ғасырларда алғаш рет аркебуза, кулеврина, пищаль деген атпен Еуропада белгілі болды. Аңшылықта көздеген аңды алыстан атып алуға мүмкіндік беретін мылтық, қанды шайқаста дұшпаныңды жер жастандыратын айбарлы қару болды. Сондықтанда қазақ батырлары мен аңшылары мылтықты ертеден қолына ұстаған. Біздің халқымыз мылтықтың бірнеше түрін қолданды. Атап айтсақ Білтелі мылтық, Шақпақты мылтық, Шиті мылтық, Берен мылтық, Бердеңке, Бесатар сияқты түрлерін қолына ұстады. Мылтықты 15 – 16 ғасырларда қазақ ұсталары қолдан соқты. Оның иыққа тіреп атуға ыңғайлы ағаштан жасалған құндағы, оқтығы (оқпаны, түтесі), шүріппесі, шаппасы, пілтесі, жерге тіреп қоятын тіреуіштері болды. Мылтықтың қазақ арасында пілтелі Мылтық., жалғыз ауыз, қосауыз, жездіауыз, көкберен, бытыралы сияқты түрлері болған. Пілтелі Мылтық 16 – 18 ғасырларда жоңғар басқыншылығына қарсы соғыста қолданылды. Оған жерге тірелетін 3 сирақ орнатылды. Аузынан оқталып, дәрісі мақта пілтемен тұтатылды. Халық арасында оның оқтығы ұзын, салмағы ауыры “шамқал”, алысырақ ататыны “күлдір мамай” деп те аталды. Жалғыз ауыз Мылтық жеке оқпен оқталады. Мылтықтың жетілдірілген түрлері Испанияда, Швецияда жасалды. 19 ғасырдың 30-жылдары француз шебері К.Лефошенің (1833), неміс шебері И.Н. Дрейзенің (1836) құндақ жағынан оқталатын Мылтықтары пайда болды. Құндақ жағынан оқталатын жалғыз ауызды, қосауызды, түтісі қырлы, жылтыр Мылтықтар Францияда, Бельгияда, Ұлыбританияда, Германияда шығарылды. 19 ғасырдың 70 – 90-жылдары орыс инженерлері А.П. Горлов пен К.И. Гунниустің техникалық жағынан жетілдірілген бір зарядты “орыс винтовкасы” – берданка, С.И. Мосиннің қайырма бекітпелі винтовкалары жасалды. Азамат соғысы жылдары (1918 – 20) маузер, револьвер, наган секілді жеңіл Мылтықтар пайдаланылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мылтықтың жетілдірілген түрлері: автомат-карабин, тапанша, мергендік винтовка, спорт винтовкалары мен пистолеттері, тағы басқа шыға бастады. Біздің қорда мылтық қаруының бірнешеуі сақталған. Бұл жәдігерлер Ә.Жангелдин әдеби-тарихи музейінің 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс залының экспозициясында орналасқан. Бүгінде мұражайдағы сақталып тұрған қарулар ауыл тұрғындарынан алынып қабылданған. Торғайдағы ұлт – азаттық көтеріліс кезінде қолданылған. Халық мұрасы ретінде мұражайларда сақталып тұр.