Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Үтік
Үтік — киім-кешектердің қыртыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Үтіктер киімдерді тегістеп алғашқы әдемі қыртыссыз қалпына келтіруде өздерінің салмағын және температурасын пайдаланумен қол жеткізеді. Қордағы темір үтік -1940 жылғы. Темір үтіктің музей қорында екі түрі бар. Темір үтікке ыстық шоқ салынып қолданылған. Музей қорына 18 наурыз 1987 жылы алынып, ДИММ-КП №294 номерімен тіркелген. Бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.