Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ашамай
Ашамай – ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстінде жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауып қалмасын деп басында қол аяғын байлайды. Сонан соң тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң алысқа жетектейді. Сөйте сөйте бала атпен өзі жүреді, бір екі күннен соң аяғын байламайды. Сонымен айналасы бір жетіде атқа жақындық қанында бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ер тоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады.өмірінің қақ жартысы ат үстінде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамай тойын өткізеді. Қордағы ашамай -1960 жылғы. Музей қорына 1984 жылы алынып, №61 актісімен ДИММ-КП №280 номерімен тіркелген. Бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.