Сырмақ

Сырмақ -киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйым.
«Сырмақ» атауы оны дайындау әдісінен алынған. Қазақта «сыру» деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.
Алғашқы сырмақ пішінінің қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұрмысында кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған. Мысалы, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған.
Киіз үйдің негізгі бөлшектерінің бірі боп табылады.
Музей қорындағы сырмақ - 1950 жылғы, 18 наурыз 1987 жылы, КП-308 номерімен қорға қабылданған. Ұзындығы 3 метр, ені 1,5 метр. Ғасырдан астам тарихы бар бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.