Кебеже

Кебеже — тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Оның қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де асадал сияқты кейде сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі.
Музей қорындағы кебеже - 1948 жылғы, 18 наурыз 1984 жылы, КП-299 номерімен қорға қабылданған. Ұзындығы 1 метр, ені 0,5 метр. Ғасырдан астам тарихы бар бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.