Ағаш төсек

Ағаш төсек - жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында "төсек ағаш", " төсағаш", "кереует", ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай "сырлытөсек", "күмістелген төсек", "сүйектелген төсек", "оюлы төсек" деп аталады. Бетіне салынған ою-өрнек әр түрлі болғанымен, бәрінің сыртқы пішіні ұқсас. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. Ағаш төсек пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсек кейде cәндеп көрпе-төсек те жиналады.
Қордағы Ағаш керует -1930 жылғы. Музей қорына 18 наурыз 1987 жылы алынып, ДИММ-КП № 289 номерімен тіркелген. Ғасырдан астам тарихы бар бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.