Диірмен

Диірмен – әр түрлі дақылдар дәндерін майдалауға арналған, ұн тартатын тас құрал. Диірменнің астыңғы беті –еркек тас, диірменнің үстіңгі беті- ұрғашы тас. Шүлдік – еркек тас ортасындағы кіндік темір, бақалақ – ұрғашы тастың кіндік кіретін ағаш құлағы.
Музей қорындағы диірмен 18 наурыз 1987 жылы, КП-292, № 61 Актымен қабылданған. Тапсырушы ауыл тұрғыны Төлебаев Жоламан. Ғасырдан астам тарихы бар бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.