ХVІІІ – ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің қаруының бірі – айбалта. Басы болаттан жасалып, қазақы оюмен өрнектелген, сабы ағаштан сапталып, әр жеріне темірден шекетулер орнатқан.
ХVІІІ – ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің пайдаланған қаруларының бірі – қылыш қынымен. Бұл қылыштың сабының басында бүркіттің басы бейнеленген, қылыштың өзі темірден жасалған, ою ойылған. Қын былғарыдан жасалып, түсті оюмен өрнектелген. Иықтан асынып белден тағылатын белдік бар. Әр жеріне темірден шекетулер жасаған сәндік үшін.
Шоқпар – шоқпарды жауынгерлер қарсыласын аттан құлатып түсіру үшін пайдаланған. Шоқпарға іліккен адам тез арада ес жиюы оңайға түспеген. Шоқпардың сабы ағаштан жасалынған. Дөңгелек ағаш пен сабының ортасындағы құрал қайыстан өріліп жасалынған. Дөңгелек үстінде темірден шекетулер жасалған.
Алматы қаласындағы өңдеу шеберханасынан жасатылған. 1993 жылы тамыз айында келген.
Шақшақ Жәнібек мұражайында экспозициясында орналасқан.
Музей қорына 10 желтоқсан 1993 жылы алынып, №96 актісімен ДИММ-КП №901,902,903 номерімен тіркелген. Бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.
-
-
-