Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

ХVІІІ – ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің киімі
Сауыт – сымнан тоқылған, сауытты жауынгерлер оқ дарымас үшін киген. сауыттың 5,7,9 қабатты түрлері бар. Мұражайдағы сауыт 5 қабатты. Оқтан қорғайтын кеуде және жүрек тұсында темірден жасалған қалқаншалары бар. Сауытты киген жауынгердің білегіне шейін жауып тұрады. Дулыға жауынгерлердің бас киімі. Жезденден жасалған, күмбез түрінде келген, ұзыннан белдік орнатылған. Артқы жағына сымнан тоқылған тор жалбағайы бар. Дулығаның басында қыл орнатылған. Білектік - жауынгердің қолын орып кетпеуден сақтайтын көмекші құрал. Білектілікті білекке тағады, сырты темірден, іші кигізбен қапталған. Бұл білектік Шақшақ Жәнібек мұражайына Алматы қаласындағы «Заман- ТУ» кәсіпорнының шеберханасында тапсырыспен жасатылған. Бұл ХVІІІ- ғасырдағы сауыттардың үлгісімен келтіріліп жасалған. Шақшақ Жәнібек мұражайында экспозициясында орналасқан. Музей қорына 10 желтоқсан 1993 жылы алынып, №95 актісімен ДИММ-КП №896, 897, 898 номерімен тіркелген. Бұл жәдігер қанша уақыт өтседе өзінің сыны мен түрін жоғалтпай сақталуда. Келушілер жәдігердің қанша уақыттан бері сақталғанына таңданып жатады. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің қатарында.