Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 14 қыркүйек Ұстаз-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сейітқасымов Ғабдығапар Сағитұлының туған күні

СЕЙІТҚАСЫМОВ ҒАБДЫҒАПАР САҒИТҰЛЫ - (14.09.1940 ж.т., жангелдин ауд Қызылқоға а.) – ұстаз- ғалым, экономика ғыл. докторы (1989), проф. (1990), ҚР ҰҒА-ның академигі (2003). 1963 ж. Қазақ мемл. ун-тінің экономика ф-тін бітіріп, бухгалтерлік-есеп мамандығы алған. Еңбек жолын туған өлкеде бастап, «Шилі», «Речной» кеңшарларында бас экономист қызметтерін атқарды. 1969-70 ж. Қазақ а.ш. экон. ғыл.- зерт. ин-тының Целинный бөлімшесінде аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеп, зерттеу жұмыстарымен айналысты. 1970 ж. осы оқу орнының Алматы қ-ндағы аспирантурасына түсіп, оны бітірген соң 1974 ж. «Астық өнімін дайындауды ұйымдастыру және оны жоспарлауды жетілдіру» деген тақыпта канд. диссертация қорғады. Е.А.Букетов атын. Қарағанды мемл. ун-тінде қызмет атқарған 1973-93 ж. С. ғалым-экономист және ғылымның дарынды ұйымдастырушы ретінде қалыптасты. Ұстаз-ғалым мұнда аға оқытушылықтан ун-ттің оқу ісі жөніндегі проректоры дәрежесіне дейін көтерілді. 1993 ж. қызметін Алматыға ауыстырып, 1999 жылға дейін Қазақ мемл. басқару академиясының қаржы және несие кешенінің оқу-ғылым жөніндегі проректоры әрі директоры болып істеді. 1999-2001 ж. Астана қ-ндағы Т.Рысқұлов атын. ҚазЭУ бөлімшесінің директоры, 2001-07 ж. осы ун-ттің Экономика және қаржы ин-тының директоры болды. 2007 жылдан Астана қ-ндағы Қазақ экономика, қаржы және халықар. Сауда ун-тінің ректоры қызметін атқарып келеді. Ғалым 1989 ж. Латвияда докт. диссертация қорғады. С-тың ғыл. жұмыстары а.ш. экономикасы мен қаржы және банк ісі саласына арналған. Ол астық дайындаудың экон. тиімділігін анықтаудың жаңа жүйесін жасау, астық өсіру, оны жинау, тасымалдау және сақтау жолдарының экон. тиімділігін кешенді зерттеудің ғыл. әдістемесін жасап берді. 1990 ж. ҚР а.ш. ҒА-ның корр.- мүшесі, 1998 ж. толық мүшесі болып сайланды. 2002 ж. Қазақстан ҒА-ның корр.- мүшесі, 2004 ж. толық мүшесі болды. 2008 жылдан Рим қ-ндағы Халықар. экон. және әлеуметтік ҒА-ның академигі. С-ның тікелей жетекшілігімен баспадан шыққан «Ақша, несие, банктер» (1996, 1998, 2001, 2006), «Банк ісі» (1999, 2007, 2009), «Бухгалтерлік есеп, банктердегі есеп» (1999) күрделі еңбектері жоғары және арнаулы оқу орындарында негізгі оқулық ретінде пайдаланылады. Ғалымның жалпы көлемі 350 баспа табақ көлемінде 200-ден астам ғыл. еңбегі жарық көрген, олардың 34-і жеке кітап пен кітапшалар. С-тың жетекшілігімен 3 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаты диссертация қорғады. Ғалым Еуропа жаратылыстану ҒА-ның «Алтын бүркіт» орденімен (2007), А.Байтұрсынов (2003), Ы.Алтынсарин медальдарымен, «Қазақстан ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін» төс белгісімен (2009) марапатталған.