14 қазан күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі ұйымдастыруымен “Музей жобалары: ақиқаттары мен келешектері” атты облыстық семинары өтті. Торғай мұражайлар кешені басшысы Гулбану Құлетқызы қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына өткізілген іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Семинарда Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінің ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі А.Т. Омарканова мен аға ғылыми қызметкері Р.З. Шалапова, Рудный тарихи-өлкетану музейі басшысы А.Е. Жулмухамбетова, Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы А.Б .Асқарова, Денисов тарихи-өлкетану музейінің басшысы Н.И. Таран, Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі директорының орынбасары Ю.П. Буданова баяндама оқыды.