Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

3 - 4 қарашы күндері Қарағанды облыстық тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен музейдің 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс - шаралар өткізілді

Торғай мұражайлар кешенінің атынан басшы Гулбану Құлетқызымен әдістемеші Мәдина Әділқызы қатысты. Іс - шара барысы «Өткен мен болашақ арасында» тақырыбында Қазақстанның 17 музейлер қорынан құнды экспаноттар көрмесімен басталды. «Музей педагогикасы: дәстүрлер мен инновациялар» халықаралық семинар - тренингімен жалғасын тапты.

Семинар - тренингте:

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сейітова К.К «Музей қызметіндегі құқықтық нормалар мен заңнамалар» тақырыбында баяндама жасады.

ҚР орталық мемлекеттік музейінің директоры Харипова Р.Е «Мәдени - білім беру қызметінің жаңа формалары» тақырыбында тың деректермен бөлісті..
Доцент, п.ғ.к., РФ жоғары мектебінің  еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық музеология комитетінің (ИКОФОМ) және ЮНЕСКО Халықаралық музейлер Кеңесінің (ИКОМ) мүшесі Шляхтина Л.М «Қазіргі әлемдегі музейлердің миссиясы» тақырыбында баяндама оқыды.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет және туризм қызметкері, Жоғары санатты экскурсовод - әдіскер, ЖМП ұлттық  жаттықтырушысы, туризм бойынша сарапшы, ЮНЕСКО ұлттық комиссиясының мүшесі Оразымбетова Б.К «Экскурсовод - музейдің мәдени - білім беру қызметінің негізгі өкілі» тақырыбында лекция оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

Новосибирск мемлекеттік өлкетану музейі директорының м.а Шуклина Ю.К «Музей экспозицияларын жобалау» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Археолог - реставратор Крупа Т.Н, археолог, РҺD докторы Қәсенәлі А.Е, Пилипенко С.О «Талмас ата кесенесінің археологиялық кешенін алғашқы тазарту, зерттеу және одан әрі сақтауды қамтамасыз ету» қалпына келтіру бойынша мастер - класс өткізді. SMM менеджерлер «Әлеуметтік желідегі парақшаларды дамытудағы SMM негіздері» тақырыбында әлеуметтік желідегі парақшаларды дамытудың әдіс - тәсілдерімен бөлісті. Іс - шараға Қазақстанның түкпір - түкпірінен музей қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Тарих пен танымның қайнар көзі болып табылатын, тарих қойнауынан сыр шертетің Қарағанды Облыстық Тарихи - өлкетану Музейі нің 90 жылдық мерейтойы құтты болсын!