АХАТОВ ЕРЕКЕ - (1942 - 2010ж) - 1942 жылы 10 қарашада Қостанай облысы, Жангелдин ауданы №16 ауылдық Кеңес - 1951 жылы Сталин атындағы жеті - жылдық мектептің бірінші сыныбына оқуға барды. 1957 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Торғай қазақ орта мектебіне ауысып, оны 1961 жылы бітіріп шығады. Мектеп қабырғасында жүргенде ақ, аудандық газетке қалам тартқан Е.Ахатов өзінің журналистикаға деген қабілетін аңғарған еді. Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» («Новая жизнь») газетінде әдеби қызметкер болып бастады. Жаңадан кеңестік шаруашылықтардың құрылып, жастар бастамашылығының кең өріс алып тұрған шағы еді. Жастардың ынтасы мен еңбек құлшыныстары туралы жазған репортаж, суреттеме, корреспонденциялары газет беттерінен ерекше орын алды. Жастардың жігерін қайрап, еңбекке деген қабілеттерін арттырды. Осы кезеңде аудандық комсомол комитеті Е.Ахатовты жұмысқа шақырып, нұсқаушы, кейіннен есеп санақ секторының меңгерушісі болып тағайындалды. 1970 жылы Торғай облысының құрылуына байланысты облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары болып 1972 жылға дейін қызмет істеді. Жұмыстан қол үзбей жүріп 1972 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1975 - 1997 жылдары Торғай облыстық радиохабарларын тарату және телевидение комитетінде редактор, Бас редактор болды. Радиодан Ереке Ахатовтың жарқын үні егіс алқаптары мен құрылыс алаңдарынан, өндіріс орындары мен мал өсіруші еңбек озаттырының жайлауы мен қоныстарынан үнемі естіліп тұрды. 1997 жылы аудандық «Торғай тынысы» газетінің жауапты хатшысы, 1999 жылы Бас редактор болып бекітілді. Ұзақ жылғы қаламгерлік еңбегі салалық номинациалар бойынша аталып өтілді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі болып сайланды. Е.Ахатовтың қаламынан туындаған көптеген проблемалық мақалалар мен зерттеулер, очеріктер мен естеліктер оқырмандырын әрдайым елең еткізіп отыратын. Қаламы жүйрік, ойын еркін жеткізетін, шұғыл хабарлар жазудың шебері. Мінезі жайдарлы, жастарға қамқоршыл, ілтипат - ізеттілігі ерекше болатын. Табиғатқа етене жақын еді. Далалық алқапты көп аралаған журналист ретінде небір емдік қасиеті бар шөптерді көп білетін. Қолы бос кездерде домбырда күй тартатын, мандалин тарту қабілеті тағы бар. «Жалбызды ғұмыр» атты кітап жинағы 2011 жылы жарық көрді.
Бүгін, 10 қараша журналист Ереке Ахатовтың туғанына 80 жыл