Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

8 қараша күні жерлесіміз, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, академик​ Айсағалиев Серікбай Әбдіғалиұлының туған күні
8 қараша күні жерлесіміз, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, академик​ Айсағалиев Серікбай Әбдіғалиұлының туған күні. Туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, амандық тілейміз!
АЙСАҒАЛИЕВ СЕРІКБАЙ ӘБДІҒАЛИҰЛЫ - (8.11.1941 ж.т., Жангелдин ауд. Шұбалаң ауылы) - математик, техника ғылымдарының докторы (1979ж), профессоры (1979ж), Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық ақпарат академиясының академигі, Қазақстан Жоғары мектебі академиясының академигі. 1966 жылы Челябинск политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын ұшу апараттарын автоматтық басқару жүйесі кафедрасының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. 1968-1971 жылы аспирантура оқи жүріп, №1 Челябинск политехникалық институтының жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қолданбалы математика кафедрасының доценті, басқару теориясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Айсағалиевтің 165-ке тарта ғылыми еңбегі жарық көрген, оның екеуі монография. Ғылыми зерттеулері негізінен математика басқару теориясына арналған.