Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

9-10 сынып оқушылары мұғалімдермен мемориалдық - педагогикалық музейлерге барды

Бүгін, 27 қаңтар күні Торғай ауданының 95 жылдығына Шақшақ Жәнібек батырдың 330 жылдығына орай Қаратүбек Жалпы білім беретін мектебінің 9-10 сынып оқушылары Торғайға келіп, ең алғаш білім ұрығын сепкен ағартушы, ұстаз Ы. Алтынсарин музейін, Торғай тарихынан сыр шертетін Ә.Жангелдин музейін, XVIII ғасыр батыры Шақшақ Жәнібек тарихи музейін, алаш арыстары А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының әдеби музейлерін аралап, құнды заттармен танысып, Торғай тарихы, Шақшақ Жәнібектің батырлығы туралы мәліметтер тыңдады.