Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бақыт Ғафуұлы Қайырбеков — ақын, «Ғафу» студиясының режиссеры

Бақыт Ғафуұлы Қайырбеков (23 ақпан 1953 жыл Алматыда туған) — ақын, «Ғафу» студиясының режиссеры

1970 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет инcтитутында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Советский Казахстан сегодня», «Қазақфильм» киностудиясында, көркем және телевизиялық шығармашылық бірлестігінде, Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің репертуар - редакциялық алқасында, «Қазақтелефильмде», Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының баспа орталығында жауапты қызметтер атқарған.
1979-1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында аспирант, 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер жоғарғы курсының тыңдаушысы болған.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында, репертуарлық-редакциялық коллегияда, ақпараттық-баспасөздік орталықта, «Гала ТВ» киностудиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокомплексінде қызмет еткен.
Қазір Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық етуде. Отызға таяу фильмдердің жасалуына ат салысқан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жөнінде деректі үш фильмі телевизиядан көрсетілді. Асан Қайғы, Бұқар, Ақтамберді жыраулардың, Шәкәрімнің өлеңдерін, С.Мұратбеков, А.Сейдімбеков, Қ.Салғарин, Т.Жұртбаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Молдағалиев, Т.Абдырахманұлы, О.Асқар, Е.Раушановтың шығармаларын орыс тілше аударған. Тегерандағы (Иран), Дьердегі (Венгрия), Штутгарттегі (Германия) халықаралық кино - фестивальдерге қатысқан. Мәскеуде ТМД елдері I Халықаралық теле - форумының дипломанты болған. Өлеңдерін орыс тілінде жазады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың лауреаты.