Бүгін 6 наурыз Ы.Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейінде 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «ӘЙЕЛДІ АРДАҚТАҒАН ҚОҒАМ АЛҒА БАСАДЫ» тақырыбында аудандағы мекеме, ұжым басшыларынан құралған көшбасшы қыз - келіншектермен кездесу кеші өтті. Қоғамда нәзікжандылар барлық жауапты қызметтерді ерлер қауымымен бірдей атқарып келе жатқаны рас... Олар кез - келген салада өздерінің ісін дөңгелетіп жүру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына да сүбелі үлес қосып келеді.
Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы әйел адамдардың еңбегі ұшаң-теңіз. Іс - шара барысының бірінші бөлімінде қонақтарымыз өздерінің өмір жолдары еңбек жолдары туралы, жетістіктері, қызықты сәттері туралы отырған жас буынға айтып өтті. Іс - шараның екінші бөлімі интеллектуалды ойынмен жалғасты. Музыкалық ән шашулар жолданды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1128-jeldi-arda-ta-an-o-am-al-a-basady.html#sigFreeIde797b50242