ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ Н.АХМЕТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ - Халық театры 1936 жылы Амангелді – Торғай арасында алғашқы колхоз – совхоз театры болып жұмыс атқарды. Торғайдың Топжарғаны атанған Абай атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты, ақиық ақын Нұрхан 1936-1938 жж. ауданаралық колхоз – совхоз театрында қызмет етіп, өнер қарлығаштарының қанатын қатайтуға, көркемөнерпаздықты дамытуға елеулі еңбек сіңіргендігі мәлім. Халық театры құрылғанда алғашқы әртістерінің бірі ақын, жырау, күйші, шежіреші Ахметқан Әбіқаев болды.Шалғайда жатқан елді – мекендер мен қыстақтарда асқақтата ән салып, күмбірлете күй төгетін, шағын сахналық көріністерімен ашық аспан, кең даланы театр сахнасына айналдырып жіберетін өнерпаздарды жұртшылық асыға күткен. Халық театр репертуарында Б.Майлиннің «Шұға», М.Әуезовтың «Еңлік – Кебек», Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра», Д. Исабековтың «Әпке» т.б. спектаклдері сахналанды. Театр 1972 ж. М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклімен шымылдырығын ашып, халық театры атағын жеңіп алды.Театр коллективіне қазақтың мемлекеттік драма театрының режиссері Қадір Жетпісбаев жетекшілік жасап Бейімбет Майлиннің «Шұға» спектаклінің сахнаға шығарды. 1972 ж. Алматы да өткен халық театрлары байқауында әуесқой әртіс Рысты Ерденова лауреат атанды. 1972-1982 жж. аралығында халық театрын кәсіби режиссер мамандығының иесі Жақсылық Қожахмето басқарып көптеген спектаклдер жоғары дәрежеде сахналанды. Торғай өнерінің негізін қалап, шыңға шығуына, тұма бұлақтардай бұғып жатқан халық таланттарының көзін ашуға үлес қосқан аяулы ағалар мен апалардың есімдерін ардақтау – абыройлы борыш, қастерлі міндет. Бүгінгі театрымыздың өзіндік белес, толымды табыстарға көтерілуіне Кәдіржан Хасенханов, Назар Әбдібеков, Ғалия Жауынбаева, Мәуленқали Абдірахманов, Оңғар Жоламанов, Сапура Әлібекова, Гүлбану Сейтқасым сияқты әуесқой әртістеріміз халық мақтанышына айналған жандар. Біздің театрдан бастау алып осы облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында Ақдәмен Досанова, Арқалық облыстық қазақ жасөспірімдер театрында мәденет қайраткері Бөлтірік Молдашев, Рая Байкөбен, Күлай Ахметова, Ұлжалғас Сейдахметовалар еңбек етуде.
1995 жылы М.Әуезов «Абай тағылымы» - романынан үзінді.
Ш.Хұсайынов «Алдар – Көсе» - комедия
С.Шаймерденов «Шайқақ» - драма
Режиссері: Рысты Едресова
1996 жыл. М.Хасенов «Қобызшы қыз» - драма
Е.Домбаев «Ғашықтар туралы балада» - комедия
О.Бодықов «Қарақұм трагедиясы» - трагедия
2000 жыл Қ.Мирашев «Сақал сауласы»
Режиссері: Б.Молдашев
2002 жыл Б.Мұқай «Тойы көп үй» - комедия
2003 жыл С.Тұрғынбеков «Нұрхан»
2004 жыл Қ.Мұхамеджанов «Өзіме де сол керек»
Режиссер: Кәдірхан Хасенханов.
2008 жыл Ш.Хұсайнов «Қолға түскен шайтандар»
2009 жыл Т.Ахтанов «Күшік күйеу»
Д.Исабеков «Әпке»
2010 жыл Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу»
«Мен өлмеймін»
Режиссер: Назар Әбдібек
2011 жыл М.Дулатов «Балқия»
С. Асылбекұлы «Желтоқсан түні» Режиссер Назар Әбдібек
2012 жыл Ғ.Арынов «Тозанды терезе» Режиссер Назар Әбдібек
Ж. Ерғалиев «Құлып тастың көз жасы» режиссеры Назар Әбдібек,
2012 жыл Д.Исабеков «Әпке» режиссеры Назар Әбдібек
2013 жыл «Құдағилар» режиссер: Назар Әбдібек
2014 жыл «Тағдыр тәлкегі» режиссер: Нұрлан Алмас
2014 жыл А. Шаяхметов «Таза бұлақ» режиссер: Сапура Әлібекова
2014жыл Е. Домбаев «Жоғалған адам» режиссер Сапура Әлібекова
2015жыл С.Тұрғынбеков «Нұрхан» Режиссер: Бөлтірік Молдашев
2016 жыл «Маде ин Махаббат» Режиссер: Ораз Нурғалиев
2017жыл Саид Ахмад «Келіндер көтерілісі» режиссер: Тасқын Әжібай
2018 жыл Ш.Мұртаза «Тамұқ» режиссер: Тасқын Әжібай
2018 жыл С.Тұрғынбеков «Нұрхан» режиссер: Рысты Ерденова
2019 жыл Мадина Омарова « Бір отбасының хикаясы» атты екі актілі драма режисер: Тасқын Әжібай
2019 жыл М.Әуезов «Айман-Шолпан» режиссер: Татьяна Ракышевна
2021 жыл М.Дулатов «Балқия» драмасы режиссер: Дос Құбаш
2022 жыл М.Әуезов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» режиссер: Фариза Бүркітбай
2022 жыл Е.Төлеубай «Оян,Қазақ!» режиссер: Татьяна Ракышевна
Театр ұжымында қазіргі таңда 20-55 жас аралығында әр саланың қызметкері, зейнеткерлер бар. Көптеген жастар өздерінің шеберліктерімен, ізденістері мен көзге түсіп жүр. Мысалы: Алмас Сейлхан, Алмас Нұрлан, Айдана Ильдебаева, Гүлсезім Раисова, Жаңажыл Кемелтаева, Марғұлан Қасымбек, Сәдуақасов Шыңғыс және жас мамандар Мейрамбек Бейсенбек пен Есенгелді Сырыммен толықты.Театр ұжымы жылына 2 рет ауданнан шалғай жатқан елді мекендерді аралап спектакльдерін көрермендерге тарту етеді.