Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

7 сәуір 2020 ж. Торғай мұражайлар кешені қорындағы құнды жәдігерлер топтамасы

7 сәуір 2020 ж. Торғай мұражайлар кешені қорындағы құнды жәдігерлер топтамасы.
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған.


Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, артымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған Торғай мұражайлар кешенінің қорындағы ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік.
Торғай мұражайлар кешені қорындағы құнды жәдігерлер топтамасы.

Тұмарша- омырауға сәндік үшін тағылатын салпыншақты үш бұрышты бұйым. Музей қорына 28.12.1989 жылы алынды. ДИММ-КП № 1042 номерімен тіркелген.Ортасында ақ түсті көзі бар.Төменгі жағында күмістен өрілген 8 салпыншағы бар қызыл түсті моншақпен сабақталған.

Шәштеңге – қыздардың өрілген шәш ұшына тағылатын әшекей бұйым.Үш салпыншақ шынжырлар теңгемен жалғасқан.Үшеуі үш түрлі теңге. Біреуінде 1896 жыл деп жазылған. Музей қорына 28.12.1989 жылы алынды. ДИММ-КП № 1040 номерімен тіркелген.