4 сәуір күні Ә.Жангелдин тарихи-әдеби музейінде халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Жангелдин аудандық архив қызметкерлеріне Амангелді Имановтың өмір жолы мен ұлт-
 
		
4 сәуір күні Ә.Жангелдин тарихи-әдеби музейінде халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Жангелдин аудандық архив қызметкерлеріне Амангелді Имановтың өмір жолы мен ұлт-азаттық қозғалыс тарихына, тарихи оқиға кезінде қолданылған жергілікті ұсталардың қолынан шыққан қару-жарақтар таныстырылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді.
	
	
							
                        






		




