Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

9 сәуір 2020 ж. Торғай мұражайлар кешені қорындағы құнды жәдігерлер топтамасы

9 сәуір 2020ж. Торғай мұражайлар кешені қорындағы құнды жәдігерлер топтамасы.
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған.


Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, артымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған Торғай мұражайлар кешенінің қорындағы ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік.
Торғай мұражайлар кешені қорындағы құнды жәдігерлер топтамасы.

Қапсырма – 1955 жылғы. Күмістен құйылған әйел қамзолына түйменің орнына тағатын бұйым. Музей қорына 17.03.2009 жылы алынды. ДИММ-КП № 1201 номерімен тіркелген. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды.

Собық түйме- әйелдердің көкірегіне жасалған сәндік бұйым 1927 жылғы. Музей қорына 27.12.2008 жылы алынды. ДИММ-КП № 1043 номерімен тіркелген. Собық түйменің қадайтын жағы күміс шынжырмен безендіріліп қоршалған.