18 мамыр — Халықаралық музейлер күні. Атаулы күнге орай, Торғай мұражайлар кешені Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінде “МУЗЕЙ ТҮНІ-2023” акциясын өткізді. Көрермен назарына музейге сый акциясынан жиналған “ЖӘДІГЕРЛЕР СЫР ШЕРТЕДІ” көрмесі ұсынылды. Музей күні мерекесінде аудан әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Серікұлы құттықтау айтып, аудан әкімі Шота Сәбитбекұлының грамотасымен музей қызметкерлері: Бас қор сақтаушы Ертасова Ляззат Тайшығарақызы
Қор сақтаушы Алимбаева Асел Базарқызы
Әдістемеші Амантай Мәдина Әділқызы
Қараушы Ғалымжанова Гүлзат Сапабекқызы
Күзетші Смағұлов Бақытқали Төлегенұлы
марапатталды.
Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы 2022 жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, музей қызметкерлеріне алғыс хат табыстады. Іс шара мерекелік концертпен “МУЗЕЙ ЖАРНАМАСЫ” конкурсының жеңімпаздары олар: 1-орын Қайыржан Гүлдана
2-орын Н.Г Иванов мектебінің ұстазы Алматова Әсем
3-орын Ш.Уәлиханов мектебінің ұстазы Қайдарова Нұрсұлу иеленді. Іс-шарада көрерменмен викториналық ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды.
Мәдениет үйінің қызметкерлері ән шашуларын арнап, “Dan-Аs ” шығармашылық үйірмесінің бишілері атсалысты. Кеш соңы түнгі музейді аралаумен ұласты.
View the embedded image gallery online at:
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1188-muzej-t-ni-2023.html#sigFreeIdaeac24c505
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1188-muzej-t-ni-2023.html#sigFreeIdaeac24c505