26 мамыр күні, Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы,батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Амангелді ауданы Жаңа ауылының 6,8 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғай жеріне келіп, музейлер аралады. Жиһангез , саяхатшы Әліби Жанкелдин Тоғжанұлы музейін, ағартушы, Торғай жерінде алғаш білім негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғ батыры, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек тарихи музейлерін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты.
Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы