7 маусым күні, Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы,батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Әулиекөл ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7,10 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғай жеріне келіп, музейлер аралады. Жиһангез , саяхатшы Әліби Жанкелдин Тоғжанұлы музейін, ағартушы, Торғай жерінде алғаш білім негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғ батыры, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек тарихи музейлерін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты. #balademalys2023
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1228-7-mausym-k-ni-tarkhan-sha-sha-zh-nibekti-330-zhyldy-y-batyr-amangeldi-imanovty-150-zhyldy-yna-oraj.html#sigFreeId0e76d50dc6