29 мамыр күні, Тархан Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығы,батыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Амангелді ауданы Степняк ауылының 6-9 сынып оқушылары мен ұстаздары Торғай жеріне келіп, музейлер аралады. Жиһангез , саяхатшы Әліби Жанкелдин Тоғжанұлы музейін, ағартушы, Торғай жерінде алғаш білім негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғ батыры, би, мәмілегер Шақшақ Жәнібек тарихи музейлерін аралап, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, өздері тұтынған жәдігерлермен танысты.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1230-tarkhan-sha-sha-zh-nibekti-330-zhyldy-y-batyr-amangeldi-imanovty.html#sigFreeId83cec65538