Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

27 шілде ағартушы-педагог, этнограф, журналист, аудармашы Нәзипа Құлжанованың туған күні.
27 шілде ағартушы-педагог, этнограф, журналист, аудармашы Нәзипа Құлжанованың туған күні.
ҚҰЛЖАНОВА НӘЗИПА САҒЫЗБАЙҚЫЗЫ - (27.07.1887 -1934жж) - ағартушы-педагог, этнограф, журналист, аудармашы. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жж. сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған. Нәзипа Құлжанова 1923 ж. мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды. 1927 ж. Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы.