28 шілде күні Семей қаласында орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі Амангелді Үдербайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған " Халық батыры" атты Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің, Амангелді ауданындағы А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейнің және Жангелдин ауданындағы Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені қорынан жасақталған көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмені тамашалауға Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, ғалымдар, студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Аталмыш көрме Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 тамызға дейін жалғасады.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1282-khaly-batyry.html#sigFreeIdc12d3ab25a