Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

4 тамыз ұстаз, мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әмірханов Абай Ғазизұлының туған күні.
4 тамыз ұстаз, мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әмірханов Абай Ғазизұлының туған күні.
ӘМІРХАНОВ АБАЙ ҒАЗИЗҰЛЫ - (4.08.1963, Қостанай обл, Қарасу ауд. Қарасу а. – 2010, Астана қ.) – ұстаз, мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. 1980 ж Торғай кентіндегі Ы.Алтынсарин атын. орта мектепті бітірген  соң Шымкент мәдениет ин-тының музыка ф-тіне оқуға түсіп, 1984 ж жоғары білімді музыкант мамандығын алған. Еңбек жолын ұстазы Б.Хамзин атын. өнер мектебінде бастап, Жангелдин ауд. мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ғасырлар пернесі» фольклорлық ансамблі құрамында Мәскеу, Алматы, Киев, Львов қ-нда, Мозамбик, Иордания, Сирия мемлекеттерінде өнер көрсетті. 1989 ж Қостанай қ. Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Мирас» халық ансамблінің көркемдік жетекшісі болды. Және Қостанай пед. Ин-ты музыка ф-тінің кафедра меңгерушісі қызметін қоса атқарды. Ә. басқарған ансамбль Ресей, Татарстан, Бащқұртстан, т.б. ТМД елдерінде  өнер көрсетті. 2009 ж Астана қ-ндағы «Сарыарқа» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, кейін Астана қ. филормониясының директоры қызметтерін атқарды.